Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күз туралы өлеңдер топтамасы

Жарияланған күні:

Тиін
Тиін. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақ халқы күзді ырыс-береке деп ерекше қадір тұтқан. Күз мезгілін жырламаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар. Өзіндік сиқыры бар мезгіл жайлы өлен шумақтарын әртүрлі дереккөзге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ ұсынады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада күз тақырыбындағы қазақ ақындарының өлеңдері мен тақпақтары берілген.
  • Абай, Сәкен Сейфуллин, Жұбан Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев, Қалқаман Сарин сияқты ақындардың күзге арналған өлеңдері ұсынылған.
  • Сонымен қатар, балаларға арналған күз туралы тақпақтар мен 1-сыныпқа арналған "Аяулы күз, алтын күз!" атты ертеңгілік сценарийі берілген.

Абай – Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,

Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,

Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Сәкен Сейфуллин – Күз

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылысберген сыйдай.

* * *

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Күз — Жұбан Молдағалиев

Күндері бар қызуы әбден сөнбеген,

Гүлдері бар қызылы әлі сембеген.

Күз де менің елу жасым сияқты,

Жаздар өтіп, қыс келер деп сенбеген.

Қызылы да, қызу да жаз сарқыны,

Тоңазытқан таңғы шықтар салқыны,

Күз де менің елу жасым сияқты

"Ертең" емес, "кеше" болған сол күні.

Жалт ойнайды нажағайлар жырақта.

Шөмелелер өртенбейді бірақта.

Күз де менің елу жасым сияқты

Дірілдейді қарап айна бұлаққа.

Бірде жарқын, бірде бұлттар құрыстап,

Бірде жаңбыр, бірде қары тыныстап.

Күз де менің елу жасым сияқты

Жаз бен күздің шекарасын тұр ұстап.

Сарғыш тартып, бақтың жүзі тұр сынып,

Бұйра талдар болады ғой құр сырық.

Күз де менің елу жасым сияқты

Әлденені жоқтағандай күрсініп.

Далада да сайраңдаған сары елес,

Сары сурет алтын таңның сөрі емес.

Күз де менің елу жасым сияқты,

Не жігіт жас, не еңкейген кәрі емес.

Ағаш басып, тау мен түздің таз жонын

Қыздыратын қытып жұмсап аз шоғып,

Күз де менің елу жасым сияқты

Біледі ғой бір жылда екі-жаз жоғын.

Күзде, бірақ жайрап жатыр жемістер.

Күзде шынар жылдық істер, жұмыстер.

Күздер менің елу жасым сияқты,

Алаңы жоқ шаруадай жұмыскер.

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн — Мұқағали Мақатаев

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,

Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,

Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,

Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,

Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен,

Ой-хой, шіркін, болашаққа құмармыз ғой біз деген.

Жүрші, жаным, қоңыр күзде серуендейік жырақта,

Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта,

Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақта.

Қайтып бара жатыр, әне, сағыныштар-тырналар,

Ақ қайыңдар, тал, теректер… алтын сары сырғалар,

Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.

Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?!

Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?!

Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?

Келіп қапты-ау сағыныштай сап-сарала арман-күз…

Күз — Қалқаман Сарин

Күңіренген, күрсінген күздің ауыр,

Мінезіне үйренген біздің ауыл.

Бұйра шаңын көтеріп қырат-қырдың,

Берекесін бір сәтте бұзды дауыл.

Жанарымда жабырқап жаз жылады,

Жылағаны емес пе, қаздың әні?!

Қайран менің жүрегім, қайтқан құстың,

Қанатынан үзілген сазды ұғады.

Жаңа мезгіл желбіреп жалауы тік,

Жаулап алды жер бетін қалауы ұтып.

Жылы өлкенің жамалын жасқа шылап,

Қара аспанның көзі тұр қарауытып.

Жадыраған жаздың да күйі осал тым,

Мезгілі өтті. Құс жүдеу, ұя салқын.

…Күздің жырын жазады бір Құдірет,

Бір ғажайып қаламмен сиясы алтын.

Сап-сары жапырақтар — Мұқағали Мақатаев 

Сап-сары жапырақтар…

Сал-сары жапырақтар…

Саудырап құлап жатыр атырапқа.

Біреудің жанарында,

Біреудің табанында,

Сап-сары жапырақтар жоғалуда.

Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,

Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.

Естілмей құстың әні,

Естілмей құстың үні,

Жалғанның кетті сәні, ұшты; гүлі.

Сырғасынан айрылған ақ қайыңның,

Басына бар ғаламның түсті мұңы.

Сап-сары жапырақтар,

Сап-сары жапырақтар,

Саудырап құлап жатыр атырапқа.

Күз туралы тақпақтар

Ал Qazaq.today басылымы күз тақырыбында 20 шумақ тақпақ әзірлепті:

Келді, міне, алтын күз,

Жапырақтар самалсыз.

Күннің нұры сәл бәсең,

Қайта оралар қыс емес пе?!

Алтын сары, қызыл күз,

Айналаның бәрі із.

Жапырақтар төгілген,

Күздің сәні келіскен.

Құстар ұшты қаздай боп,

Көкте сапар кезіп көп.

Күзгі күнге амандап,

Жерге құлады жапырақ.

Алма, жүзім пісті мол,

Күздің берері өте көп.

Сағынышпен аттанған,

Көктемді күтіп күз оралған.

Ауа салқын, жел еседі,

Күннің нұры сәл басылды.

Алтын күздің ақырында,

Қыс мезгілі жақын тұр.

Сары күздің сәні мол,

Байлық жинап елге жол.

Қоймамызды толтырдық,

Егініміз молшылық.

Құстар қайтып барады,

Күн салқындап қалады.

Қысқы ұйқыға дайындық,

Табиғатта байыптық.

Жапырақтар жамылып,

Жер бетіне төгілген.

Күзгі орман сәнімен,

Сары түске боялған.

Қысқы суық жақындап,

Күн азайып қап-қарақ.

Жылы үйде от жағар,

Алтын күзді еске ап.

Аспан көгі қап-қара,

Қара бұлтты жаудыра.

Күздің салқын кешінде,

Шуақты күн ауысады.

Күзгі егін теріліп,

Қоймаларға сыйған кез.

Еңбек еткен халқымыз,

Жеміс-жидек тойына!

Жел соғады салқындап,

Құстар көкте айқындап.

Сары күзім сәнімен,

Жапырақтар әсеммен.

Күздің нұры төгілді,

Жеміс-жидек молайды.

Бақтарымда піскен сәт,

Қуанышты ауылда!

Сары алтын жапырақ,

Жерге төгілді қаптақтап.

Күзгі күннің шуағында,

Барлық байлық ортада.

Келген міне күз мезгіл,

Жаңбыр төгіп ұялып.

Егін пісті, молшылық,

Той тойлайды ел-жұрттық.

Алтын күздің таңы атып,

Қоймаларға астық жиналды.

Күн салқындап, жел есіп,

Қыстың ызғарына дайындық.

Құстар көкте қанат қағып,

Қоштасып тұр бізбенен.

Күзгі салқын күндері,

Кетіп барады үнсізден.

Күзде қаздар ұшады,

Көлдер қыстап қалады.

Алтын күздің сәнімен,

Табиғат күзі жақын.

Күздің таңғы самалы,

Құстар әнін қайталап.

Алтын-сары жапырақ,

Жерге қона қап-қара.

Күзгі бақтың иісі,

Алмадан жұпар еседі.

Күз келді, міне, тағы да,

Байлықтың уақыты жетті.

Arular.kz порталы да күз тақырыбында топтама өлеңдерін жинастырған екен.

Аяулы күз, алтын күз!

1 — сынып

Жүргізуші

Қош келдіңіздер ата — аналар!

Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар жас достар!

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші:

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық.

Тақпақ

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Ортаға себет толы жемістері бар

Күз келеді

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Көбейді құт — береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан — алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап — сары боп тұрғанда

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді

Хор: "Балапан"

Қызыл, сары кемелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

(Жапырақ)

— Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?

— Күз!

Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

Тақпақтар

Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты

Ой, балалар, балалар

Ойналық та күлелік

Енді оқуға кірелік.

Күз келді, сары күз келді

Тау ызғарлы түз желді

Тыраулатып аспанда

Тырналарын тізді енді

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Қызыл қырман басында

Ақ бидайды сапырған

Диқандардың қасында

Күз есепші отырған

Ашылып күз құшағы

Жүрді еріп бізбенен

Жапырақтар ұшады

Жез алқадай жүздеген

Жайдар күз, алтын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толып ен далам

Дариядай шалқыған

Бұлттанып заңғар аспаным

Толтырды жасқа жанарын

Құстар да қайта бастады

Суықтың сезіп хабарын

Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап — қап бидай алдық біз

Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

Жүргізуші:

Алқаптан бидайды

Қоймаға жинайды

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен! - дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз. Ендеше қошеметпен қол соғып "Күз" ханшайымын ортаға шақырайық.

Күз: Қонақтар, балалар, саламатсыңдар ма?

Той тойлап жатсыңдар ма?

Күз күні осындай тамаша

Мен келдім сендерге асыға.

Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін.

Мен мырза күз, ынтымақты еліне,

Берекелі ырыс болып енетін.

Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? ИӘ

Балалар, мен Жазбын ба? ЖОҚ

Әлде мен Күзбін бе? ИӘ

Күзде көлге шомылуға бола ма? ЖОҚ

Балалар, Күзде жапырақ сарғая ма? ИӘ

Күзде жеңіл киініп жүруге бола ма? ЖОҚ

Балалар, Күзде жеміс – жидек пісе ме? ИӘ

Көкөністі жумай жеуге бола ма? ЖОҚ

Күзде жаңбыр жауа ма? ИӘ

Балалар, сендер күзді жақсы көресіңдер ме? ИӘ

Күз: менің жеміс – жидектерім де өздерін таныстыруға осында келіп тұр:

Тақпақтар

Күзді күтіп жатамын

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын, жараймын

Қыстай сақтап қоюға.

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат — қабат киініп

Қырыққабат атандым

Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1722182-kz-turaly-leder/