Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Буынсыз қыздар": Австралиялық егіздер шеберлігімен жұртты тамсандырды (фото)

Опубликовано:

Австралиядағы Перта қаласының тұрғындары 22 жастағы Тиган мен Саманта интернет желісінде бірден танымал болып кетті. Олар өздерінің асқан иілгіштігі мен күнделікті алты сағаттық жаттығуларының арқасында жұртты өзіне қаратты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Жас бойжеткендер акробатикамен кішкентай кездерінен бастап шұғылданған. Олардың бұл салаға бет бұруына аналары өз септігін тигізсе керек. Себебі егіз қыздардың анасы бұрын акробат болған.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Саманта мен Тиган 2013 жылы «Australia’s Got Talent» жобасы арқасында күллі әлемге танылды. Олар жобаның жартылай финалына дейін барған. Жұлдыздарын жаққан шоудан кейін қыздар халықаралық саяхатқа аттанды.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC
«Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі іс-шаралар, той-томалақтар мен ірі шоу барысында өнер көрсетіп жүрміз. Түсірілген видеоларымыз YouTube каналына апта сайын шығарылып тұрады», — дейді Саманта.
Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Қыздар «Australia’s Got Talent» жобасы олардың болашақтарына жол ашып, дұрыс бағдар бергенін мойындайды. Олардың кастинг өтіп жатқан кезінде түсірілген видеосы интернет желісінде 18 миллион қаралымға ие болды. Сол сәттен кейін олардың парақшаларына тіркелушілер саны артқан.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC
«YouTube арқасында біз тек өнер көрсетіп қана қоймай, түрлі адамдармен танысуға мүмкіндік алдық. Өзің үшін аса қызықты адамдармен табысу үлкен бақыт сыйлайды», - деп ағынан жарылды Тиган.
Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Олардың акробат трюктері әрбір адамды таңғалдырады. Тіпті қоғамдық жерде өз иілгіштік шеберлігін көрсеткен кездерінде, өтіп бара жатқан адамдар тоқтап тәнті болғандарын жасыра алмайтын көрінеді.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Самантаның айтуынша, егіз қыздар туыла сала иілгіш болмаған. Оларды бұрындары акробат болған аналары шабыттандырыпты.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Акробат қыздардың күн тәртібінде міндетті түрде алты сағаттық жаттығу қарастырылған. Олар жаңа трюктерін шыңдау үшін арнайы студияға барады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Олар үнемі бірге жүреді, бәрін бірге істейді. Әсіресе бір-бірінен асып түсу мақсатында егіздер арасында өзара бақталастық орын алған.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC
"Біз 21 жасқа дейін бір бөлмеде өстік. Осы жақын арада ғана бөлек бөлмелерде тұрып жатырмыз»,- деп айтты Тиган.
Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Бойжеткендер мұндай жетістікке жету үшін көп тер төккенін ұмытпаған. Сол себепті өз жанкүйерлерін де өз-өзіне сенуге, адам қолынан келмейтін нәрсе жоқ екенін айтып сендіруде.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1725242-buynsyz-kyzdar-avstralialyk-egizder-seberligimen-zrtty-tamsandyrdy-foto/

pixel