Әскерден босату қағазын алған тай транссексуалдары жұртты өзіне қаратты
Жарияланған күні:
Тайландта 21-ге толған кез келген ер азамат әскери борышын өтеу үшін жергілікті комиссариаттағы тізімге тіркелуге міндетті. Алайда Тайландта бұл заңдылықтың жынысын өзгерткен трансексуалдарға қатысы жоқ. Үкімет оларды заңды түрде әскери қызметтен босатқан деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Тай трансексуалдары әскери қызметтен заңды түрде босатылған. Ол үшін жергілікті әскери комиссияға дәрігерден алынған анықтаманы ұсыну керек. Құжат олардың екінші типті әйел екенін растайды.
Биыл Крабидегі әскери орталыққа 21 жастағы «Тайланд транс аруы - 2018» Иссари Мунгман да келген болатын.
«Барлық әскери қызметкерлерге мың алғыс! Олар маған асқан сыйластықпен қарады», - деп айтты Иссари.
23 жастағы Нонг Лилли өзінің медициналық анықтамасын тапсырып жатыр. Ол өзінің екі құрбысымен әскерден босату қағазын Фитасанулок провинциясының әскери орталығынан алды.
Cукотай провинциясының тұрғыны Нонг Суват құжатында оның әлі еркек екені жазылып тұрса да, әскери қызметкер оған түсіністікпен қараған. 21 жастағы трансвестит те әскерден босату құжатын қолын алды.
Жынысын ауыстырған тай сұлулары орталыққа барынша сәнденіп келіп, ел назарын өзіне қаратқанды әдетке айналдырған. Олар құжаттарын қолына алып, бір-бірін құттықтайды.
Әскери қызметкерлер трансвеститтерге сыйластықпен қарайды. Құқық қорғаушылар оларды еш кемсітпей, тек өзіне жүктелген қызметін орындауға міндетті.
Әскери қызметкерлер жыныс ауыстырғандардың әскерге бармау заңдылығын толығымен құптайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1726346-skerden-bosatu-kagazyn-algan-taj-transseksualdary-zrtty-zine-karatty/