Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ессіз ғашық болған әйел өзінен 16 жас кіші жігітпен отау құрғанына өкініп қалды

Опубликовано:

35 жасында 19 жастағы ер жігітпен көңіл жарастырып, бас қосқан қызылжарлық келіншек жан сырып айтып, мұңын шақты деп хабарлайды oqiga.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Бүгінде жасы елуге жақындап қалған келіншек 35 жасында 19 жастағы бозбалаға ғашық болғанын айтып, ағынан жарылды.

"Бəріне кінəлі-өзім жəне махаббатым. Махаббат есімнен айырды. Қатты ұнаттым. Отыз бес жасымда, он тоғыз жастағы жігітке тұрмысқа шықтым. Қызылжардың қызы болған соң шығар, жас айырмашылығына басымды қатырмадым", - деп әңгімесін бастайды келіншек.

Айтуынша, жылдар өткен соң, жас жігіттің аруға деген көңілі суып, көзіне шөп сала бастаған екен.

"Басында бəрі жақсы болатын. Махаббат деп ыстық –суығымыз басылғанша, үш жылдай бәрі тамаша болды. Жас айырмашылығын қатты сезінген жоқпыз. Үш жылдан соң менің денсаулығым сыр бере бастады. Өзінен үлкендігімді білдіргім келмеген бар əрекетімнен пайда болмады. Жас ерекшелік уақыт өтуімен өз дегенін алады екен. Жолдасым, бұрынғыдай емес ықыласы суып, сыртқа көбірек елеңдейтін болды. Қанша байқамаған кісі болсам да, көзімше жеңіл жүрісті қыздарды жағалайтынды шығарды", - деп налыды келіншек.

Сондай-ақ, ол ендігі өмірін қызына арнайтынын айтқан.

"Қазір — елуге жақындап қалдым. Жолдасым отызға енді келеді. Кейде, маған не үшін үйленді екен деп ойлаймын. Арамызда бір қызымыз бар. Жолдасымды түсінгім келгенмен іштей бір өкініш өзегімді өртейді. Өз қатарым болғанда осылай жасар ма еді деген. Өмірімді өз қолыммен жасадым. Артқа жол жоқ. Енді қызым үшін ғана өмір сүремін", - деп әңгімесін аяқтады қызылжарлық ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1727402-essiz-gasyk-bolgan-jel-zinen-16-zas-kisi-zigitpen-otau-krganyna-kinip-kaldy/

pixel