Гарридің тойына келген Диана ханшайымның інісі талай қызды өзіне ғашық етті
Жарияланған күні:
Жақын арада бойдақтықпен қош айтысқан Гарри ханзада талай бойжеткеннің көңіліне қаяу түсіргені рас. Енді корольдік отбасының мүшесі бола алмайтындарына қатты күйінген қыздардың қайғысы ұзаққа созылған жоқ. Гарридің тойына келген 24 жастағы сері жігіт өзінің мінсіз мүсінімен көпшілік арудың мұңын жоққа шығарып жіберген деп хабарлайды ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Гарри ханзаданың үйлену тойына корольдік отбасының алыс-жақын туыстарының бәрі жиналған болатын. Алайда, басқалардан ерек болып өзгеше көзге түскен аққұба жігіт талай қыздың жүрегін бір көргеннен-ақ жаулап алды.
Корольдік отбасының ең сымбатты бойдағынан жаңа ғана айырылып, көңілдерін мұң шалған бойжеткендер мына 24 жастағы жігітті көре сала бәрін ұмытып қалғандай күй кешті.
Мінсіз мүсінді ер азаматтың кім екенін білуге асыққан арулар, өз тапқырлығының арқасында оның аты-жөнін ғана емес ата-тегін де біліп алған.
Сонымен дайынсыздарма? Талай қыздың жүрегін жаулап алған сері марқұм Диана ханшайымның жиені болып шықты. Мұндай оқиға желісін ешкім күтпегені анық.
Луи Фредерик Джон Спенсер Диананың інісі граф Чарльз Спенсердің ұлы әрі Элторп графы болып келеді.
Ол ұлыбританиялық корольдік отбасының мұрагері болып саналады.
Луи көпшілік алдына шығуды аса ұнатпайды. Тіпті өзін корольдік отбасына қатысы бар екенін де жіті жасырып келген. Тек қана 2015 жылы америкалық әнші Никки Минаж Луимен түскен фотосын жүктегенде сері жігіт сымбатына күллі әлем тамсанып, алғашқы табынушы қыздары пайда болған.
Алайда, көпшілік оның корольдік отбасының мүшесі екені Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену салтанатынан кейін ғана білді.
Арулар бір-бірімен жарыса жас жігіттің сұлулығына тәнті болғандарын айтты.
"Ханшайым атануға әлі де мүмкіндік бар. Луи жаңа бойдақ ханзада. Менен бөлек, сен мыңдаған арулардың жүрегін жаулап алдың", - деп жазды бір оқырман қыз.
Табынушы қыздардың жас жігітке ессіз ғашық болуы соншалық, тіпті Луи Спенсердің қалындығы атану үшін керек болса 10 жыл күтуге де әзір.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1733691-garridi-tojyna-kelgen-diana-hansajymny-inisi-talaj-kyzdy-zine-gasyk-etti/