Айдаһарға ұқсағысы келген бойжеткен көз жанарын адам шошырлық күйге түсірді
Жарияланған күні:
23 жастағы аустралиялық ару Эмбер Люк 16 жасынан бері түрлі пластикалық ота жасатқан. Ол айдаһарға ұқсау үшін көз жанарын көк түске бояп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Құлағына тату салдырып, тілінің ұшын екіге кескен ару көз жанарын көк түске боятады.
Эмбер Люк жеті жыл бұрын татуға әуестеніп, өзін айдаһарға ұқсату үшін барын салады.
"Мені достарым көк көзді ақ айдаһар атап кеткен. Себебі көзім мен тілім айдаһарды еске салады", - дейді бойжеткен.
50 шақты татуды денесіне салдырған ару қауіпті екеніне қарамастан, көз жанарына да тату салдырады.
"Татуды қырық минут қана салса да, қатты ауыртты. Көзімді ашып ұстап, әр жанарыма төрт екпеден салды. Үш апта бойы көру қабілетінен айырылдым. Бастапқыда көзімді толық қара түске бояғым келген, алайда тату салатын адам мені көк түске бояуға көндірді", - дейді Эмбер.
Тілін кесу де бойжеткенге оңайға соқпаған. Ол ұзақ уақыт бойы тамақ жеп, сөйлеуден қалыпты.
Анасы қызының көз жанарына тату салдырғанын көргенде, егіліп жылаған екен. Алайда көп ұзамай қызының бұл қадамына кешірім беріпті.
Ең сорақысы, Эмбер мұнымен тоқтауды ойлап отырған жоқ. Ол екі тісін вампирге ұқсау үшін егеп тастамақшы.
Алты жыл бұрын Эмбер қарапайым бойжеткен болған.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1736501-ajdaarga-ksagysy-kelgen-bojzetken-kz-zanaryn-adam-sosyrlyk-kjge-tsirdi/