Бір тойға бес көйлек киіп шыққан қалыңдық қыздарды қызықтырып қойды
Жарияланған күні:
27 жастағы блогер Рейчел Уорл тойында бес қалыңдық көйлегін бір-ақ киіп, нәзік жандылардың қызғанышын тудырды. Бойжеткен әр қалыңдық көйлегін 50 мың фунт стерлингке (шамамен 23 млн теңге) сатып алған деп жазады Tasbaka сайты.
Рейчелдің тойы талай БАҚ-тың назарын өзіне аударған. Daily Mail басылымының мәліметіне сенсек, ару Ұлыбританияда және Мальдив аралдарында екі рет аста-төк той жасап, Томас есімді азаматпен некесін қидырды.
Екі күн ішінде бес қалыңдық көйлегін ауыстырып киген Рейчел, осылайша әлем жұртшылығының таңданысын тудырады.
«Аздап артық кеткен секілдімін, десе де маған ұнаған көйлектер тым көп болды», — дейді бойжеткен.
Белгілі болғандай, бес көйлектің бірін ару өзі сатып алыпты. Екіншісін ата-анасы сыйға тартқан. Ал қалған үшеуін танымал брендтер тегін киюге рұқсат етіпті. Себебі, бойжеткеннің Instagram парақшасында 250 000 жазылушысы бар.
Мальдив аралдарындағы тойға Рейчел ең жақын деген 20 адамды қонаққа шақырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750464-bir-tojga-bes-kjlek-kiip-sykkan-kalydyk-kyzdardy-kyzyktyryp-kojdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.