Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамхана қызметшілері дөрекі қонақтардан қалай кек алады?

Жарияланған күні:

Келелі кеңес. Мейрамхана немесе қандай да бір сауда орталығында өзіңізді барынша сыпайы ұстауды әдет еткеніңіз жөн. Өйткені, ашулықпен қызметшіге айтылған жағымсыз сөздер сізге сан түрлі жиіркенішті әрі пасық әдістермен қайтып оралуы әбден мүмкін. Оған даяшылардың қатты жанына қабылдағыштығы мен өкпешілдігі дәлел болса керек деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: anews.ru
Фото: anews.ru: UGC

Тамақтандыру орталықтанырының қызметшілері күнделікті қырсық әрі дөрекі меймандарға тап болып жатады. Олардың өзін балағаттаған қонақтардан қалайша өш алғаны туралы ел арасында әңгімелері көп. Солардың ішіндегі ең әсерлілерін оқырман назарына ұсынбақпыз.

Ол аспазды жұмыстан шығаруға тура келді.

"Бір күні тамақтану келгенмейман асты бірнеше мәрте аспазға қайтарғазып, оның есін шығарды. Тағамын түзеп берген ол, қонаққа шоколадты балмұздақты сыйға бермек болды. Артынан анықталғандай, ол балмұздақтың орнына шошқа майын қосып жіберген. Оған қоса, ол қасындағы кіші аспазбен бірге мейманның жиіркенішті майды жеп жатқанын қарап, мазақ етіп тұрды. Нәтижесінде қызметшімді жұмыстан шығаруға тура келді", - деп айтты мейрамхана басшысы.
"Тағы бір күні мен қонақтың шайына көз тамшысын құйып жіберген даяшыға тап болдым. Ол бұл дәріні ішті өткізеді деп ойлап қалған"
Фото: anews.ru
Фото: anews.ru: UGC

Желіде өз оқиғаларымен бөліскен оқырмандардың бірі де өз басынан өткен жағдайдайларды айтып берді.

"Бір күні мен аспаздың етті әдейі жерге лақтырып, оны қайтадан салып қойғанын көрдім. Оның кек алғысы келгенін бірден-ақ аңғаруға болады"
"Өзіммен қызмет еткен қыз өзіне тамақты ысытқыза берген мейманның тамағына өз сілекейін жағып тастағанын көрдім" , - деп айтты Мэтью есімді жігіт.
Фото: anews.ru
Фото: anews.ru: UGC
"Мен қызмет ететін мейрамханаға түнгі уақытты мені көшеде сабап тастаған жігіт келді. Ол достарымен бірге отырып мені мазақ етіп отырды. Сол кезде мен оның тамағына сымбырып жіберіп, жерде жатқан шаштерді салып тастадым. Олардың ақымақтығында шек жоқ. Түк қалдырмай тауысып қойды". - деп айтты Френки Сантильяно.
Фото: anews.ru
Фото: anews.ru: UGC

"Мен ондай қатыгез емеспін енді. Мен тек қана мазамды ала беретін қонақтарды кішкентай әрі жылауық балалары бар меймандардың қасына отырғызып қоятынмын", - деп айтты Мелисса Форд.

Фото: anews.ru
Фото: anews.ru: UGC

Фото: anews.ru
Фото: anews.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1752409-mejramhana-kyzmetsileri-dreki-konaktardan-kalaj-kek-alady/