Жасанды аяқ салдырған қыз алғаш рет сұлулық байқауының ақтық сынына өтті
Жарияланған күні:
Бұл арудың есімі - Кьяра Борди. Ол өзінің мүгедектігіне қарамастан басқа адамдар секілді өмір сүріп жатыр. Бойжеткен ТМД елдерінің бірінде болса, оның өмірі үнемі тексеріс пен ауруханадағы толассыз кезекпен өтетін еді. Алайда Еуропада бәрі басқаша. Мұнда жарымжан адамдар өзшгелер сияқты толықтай өмір қызығын көруге құқылы деп жазады bigicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кьяра мүгедек екеніне қарамастан, көп саяхаттаумен қатар, қалаған білім ордасында оқып жатыр.
Оған қоса, жақын арада ол тіпті "Италия аруы" сұлулық байқауының финалына дейін жеткен.

Көпшілік арудың ақтық сынға өтуіне төрешілердің оған деген аяушылығы себеп болды деп санайды.
Бірақ елдің ең сұлу бойжеткенін анықтайтындар Кьяраның оларды шын мәнінде таңғалдырып, тәнті еткендерін айтып жатыр.

Ару басқа адамдар арасында ерекшеленіп тұратынына үйреніп қалған. Сол себепті, мемлекеттік сұлулық байқауында да Кьяра өзін басқа үміткерлердің қасында еркін ұстапты.

18 жасқа толған бойжеткен жантүршігерлік жол апатынан кейін аяғынан айырылып қалған. Ол кезде ару небәрі 13 жаста болыпты.

Бүгінде аяғына протез салдырған Кьяра өз қатарластары секілді өмір кешуде. Оның болашаққа деген жоспарлары да өте көп.

Ол әрбір қойылған мақсаттарының орындалуы үшін барын салмақ.

"Италия аруы" атағын басқа қыз жеңіп алғанымен, көпшіліктің басты назары Кьяраға ауса керек, оның жанкүйерлері де көбейе түскен.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1755682-zasandy-aak-saldyrgan-kyz-algas-ret-slulyk-bajkauyny-aktyk-synyna-tti/