Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Литва президентін әйел адам қорғайтынын білеміз ба?

Опубликовано:

Президент қорғаушысы дегенде көпшілік денелі ер азаматтарды елестететіні сөзсіз. Алайда, литвалық елбасы бұл тұрғыда ерекшелене түскен. Ол өзін қорғауды 31 жастағы Симона Даумантене есімді аруға сеніп тапсырған деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әдетте президенттер өз қорғаушысы ретінде алып ер адамдарды алып жатады. Бірақ, соңғы кездері кейбір ел басшылары жеке күзетіне әйелдерді де алуды бастаған. Олардың бірі Литва президенті Даля Грибаускайте. Ол өз қауіпсіздігін 31 жастағы келіншекке сеніп тапсырған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Көпшілік мінсіз мүсінді арудың оққағар қызметін атқаратынына таңғалуда. Көптеген шетелдік басылымдар бойжеткеннің өмірі жайлы білгісі келген. Олардың біріне сұхбат берген ару өз қызметі жайлы мүлде тіс жармаған. Тәртіп сондай. Қорғаушылар өз жұмыстары жөнінде ақпарат бермейді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Алайда, өзінің бұл қызметке келмей тұрғандағы өмірі жайлы ол жасырмай айтып берді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Кіші кезінен спортқа әуес Симона уақты өте келе велошабандоз болуды таңдаған. Спорттың бұл түрінен үлкен жетістіктерге жете алған ол кейіннен тіпті бапкерлікпен де айналысқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Аса маңызды қызметке келуге Симонаға кездейсоқ жүгінген адам көмектескен. Ол талпыныс мол спортшы қыздан білікті оққағар шығатынына кәміл сенген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Уақыт өте келе бойжеткен барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, сенімді ақтаған. Бүгінде ол елінің басты адамын қорғап жүр.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1755966-litva-prezidentin-jel-adam-korgajtynyn-bilemiz-ba/

pixel