jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ауа райы: Еліміздің бірнеше өңірінде қарлы боран соғып, көктайғақ болады

: Instagram

Синоптиктер қазақстандықтарды алдағы үш күнде суық ауа-райы күтетінін айтуда. Мамандар еліміздің бірнеше бөлігінде қарлы боран соғып, көктайғақ болатынын ескертті деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Pinterest
Фото:Pinterest: Instagram

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде күн cуытады.

Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді.

Атап айтқанда, Ақмола облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан асады.

Павлодар облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Кей жерлерде 30 м/с асып, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарындың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болад. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ауа райы: Еліміздің бірнеше өңірінде қарлы боран соғып, көктайғақ болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.