jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Семей тұрғынына өзге ғаламшарлықтар хат жазған (фото)

: Twitter

Семей тұрғыны үйінің ауласынан өзге ғаламшарлықтар атынан бүкіл адамзатқа бағытталған қоқан-лоққы ескерту жазылған жазба тауып алған. Бұл туралы Устинка LIVE.сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Семейліктерге "өзге ғаламдықтар" қоқан-лоққы көрсетуде
Көрнекі сурет: tainy.net: Twitter

Жазбада адамдардың табиғат пен экологияға немғұрайлы қарағандары үшін олар аяз бен циклон салдарынан өлетіндері жазылған.

"Біз, өзге ғаламдықтар, ағаштарды кесіп, бүкіл жерге қоқыс шашып, ит пен құстарды өлтіргендері үшін Жер тұрғындарын жазалаймыз. Бұл үшін өз денсаулықтарыңмен жауап бересіңдер. Біз ғарыш арқылы сендерден кек аламыз. Сендерге ең сұрапыл циклондар мен суықты жібереміз. Көмірлерің жетпейді. Суықтар батареяларың жарылып кетеді", - деп жазыпты белгісіз автор.

Семейдің жекеменшік секторының тұрғыны Руфанияның сөзінше, жазбаны күйеуі қақпаға қыстырылған жерінен күйеуі тапқан.

"Хатты түбіртекті қалдырған кездегідей қыстырып кетіпті. Күйеуім екеуіміз күлдік те қойдық. Бірақ маңайда психикалық ауытқуы бар адамның жүргені біраз уайымдатады. Экологияны қорғаймын деп қандай қадамға баруы мүмкін екені белгісіз", - деді Руфания.

Келіншек хаттың суретін әлеуметтік желідегі пабликтердің біріне жіберген. Желі қолданушылары оны қызу талқыға салған. Кейбір қолданушылар ТКШ бөлімінің басшысы жылымен қамтудағы олқылықтарды өзге ғаламдықтарға сілтемекші деп болжаса, енді бірілері адамда көктемгі ауру қозу басталғанын жазған.

Индира есімді тұрғын сол аудандағы көшелердің бірінен тура осындай жазба көргенін мәлімдеген.

Семейліктерге "өзге ғаламдықтар" қоқан-лоққы көрсетуде
Фото: ustinka.kz: Twitter

Семей тұрғынына өзге ғаламшарлықтар хат жазған (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.