jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Үздік модель: 16 жастағы бойжеткен "Қызылорда аруы" атанды

: Getty Images

Қызылордада республикалық "Мисс Қазақстан" байқауында аймақ абыройын қорғайтын ару таңдап алынды деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ.

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: Getty Images

Аймақтық байқау алғаш рет көктемде өткізіліп отыр. Байқауға 14 бойжеткен қатысқан.

Дәстүр бойынша, байқау видео-таныстырылымнан басталды. Онда арулар қысқаша өздері туралы, отбасы және болашақ жоспарлары жайлы айтып өтті.

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: Original

Одан кейін әрқайсысы өз қабілеттерін паш етті - биледі, ән шырқады, қысқа қойылымдар көрсетті.

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: Getty Images

Үшінші кезең "сұрақ-жауап" түрінде өтті. Бойжеткендер қарапайым және күрделі сұрақтарға жауап берді.

Мысалы, "отбасы ма, әлде мансап па?", "Кіммен сэлфиге түсер едің" сынды сұрақтарға өз ойларымен бөлісті.
16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: Original

Байқау кешкі көйлек көрсетілімімен аяқталды. Арулардың басым көпшілігі қызыл реңкті көйлектерді таңдаған.

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: Original

Қазылар алқасы Совет Сейітов, Айгүл Борамбаева, Камилия Конопьянова, Әлмира Ысқақова және Гүлбану Әзімханнан құралды.

Олар кеңесе келіп, Қызылорда облысының намысын елордада кім қорғайтынын анықтады.

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Қазылар алқасының шешімімен үшінші вице-мисс Айгүл Түменбаева, екінші вице-мисс Айым Бегмат, бірінші вице-мисс Айзат Кетебай атанса, ал «Мисс Қызылорда - 2019» атағына 16 жастағы Камилла Серікбай ие болды.

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Байқау ұйымдастырушылары ресми парақшаларында Камилланың облыстағы үздік моделдердің бірі екенін айтып өткен. Ол халықаралық және қазақстандық байқауларға модель ретінде қатысқан.

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: Getty Images

16 жастағы ару "Мисс Қызылорда" атанды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Үздік модель: 16 жастағы бойжеткен "Қызылорда аруы" атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.