Түс жору: Тісіңіз түсіп, үгітілсе не болады?
Опубликовано:
Түсіңізде түсіңіз түссе, мұңаймаңыз. Бұл сізге теріс әсер ететін қарым-қатынас аяқталады деген сөз. Алайда аузыңыздан жағымсыз иіс шыққанын көрсеңіз, көп ұзамай күш-қуатыңыз сарқылады деген сөз. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ ұсынған назарыңызға түс жору ұсынады.

Психологтар шынайы өмірде тісіңіз ауырып жүрсе, ондай түске мән бермеуге шақырады. Себебі бейсанаңыз дереу дәрігерге бару керегін ескертіп жатыр.
- Тісіңіз үгітілгенін немесе сынғанын көрсеңіз, заң мәселесінде және қаржы мәселесінде абай болыңыз.
Қиындықтар күтпеген жерде пайда болуы мүмкін. Мамандар шыдамдылық танытып, барлық құжаттарды тексеруге кеңес береді.
- Ауыз қуысыңыз күтілмеген болса, онда бұл серіктесіңіздің сатқындығы жайында ескертеді.
Бәсекелестеріңіз мұндай мүмкіндікті пайдалануға тырысады.
- Күрек тісіңіз түсіп қалса, онда жақында туған-туыстарыңызбен жанжал болады деген сөз.
- Ал тіс түскенде қан ағып, қатты ауыратын болса, онда жақындарыңыз сізді түсінбей, тіпті ұзақ уақытқа айырылысу мүмкіндігі бар екенін ескертеді.
- Тісіңіз үгітіліп, жаман иіс шықса, онда денсаулығыңызға мән беру керек.
- Азу тісіңіз сынып, оны түкіріп тастасаңыз, онда күш-қайратыңыз сарқылады деген сөз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787868-ts-zoru-tisiiz-tsip-gitilse-ne-bolady/