Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Періштелер" қаласының мінсіз мүсінді аруы жігіттерді естен тандыруда

Опубликовано:

Езуінен күлкі кетпейтін мінсіз мүсінді Хелен Оуэн нағыз Instagram жұлдызына айналды. Өзінің талдырмаш денесін барынша паш етіп, жарқын әрі ерекше суретке түсетін бойжеткен азғантай уақытта үлкен танымалдылыққа ие болды деп жазады pressa.tv сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хелен Оуэн Англияның Бристоль қаласында 1992 жылы дүниеге келген. Алайда, сұлу бойжеткеннің балалық әрі жастық шағы АҚШ-та Сан-Франциско қаласында өткен.

Мінсіз мүсінді сылқым модельдік мансабын 2010 жылы бастады.

Ең қызығы, ол басқа сәнбикелер сияқты белгілі бір агенттіктің өкілі болып табылмайды. Хелен еркіндікті жаны сүйеді. Сол себепті, тек өзіне жұмыс істегенді жақсы көреді.

Бүгінде 27-ге толған Хелен Лос-Анджелес қаласын мекен еткен. Бойжеткеннің айтуынша, дәл осы шаһар оның өмірінде ойып тұрып, аса маңызды орын алады.

"Періштелер" қаласы атанып кеткен Лос-Анджелес оның болашағына, кәсібіне және өміріне ерекше әсер еткен.

Хелен ерекше әрі қайталанбас суреттерімен желі оқырмандарының назарын өзіне аудартты.

Күннен күнге тіркелушілер саны көбейген ару фотоларын да барынша сапалы әрі одан бетер жақсартуға көшеді.

Көпшілік қыздар бойжеткеннің дене сымбатына тәнті болып, оның келбет күтімі мен әдемілік жөніндегі кеңестеріне жүгініп тұрады.

Ал ерлер қауымы Хеленнің мінсіз мүсінін күн сайын тамашалуға дайын. Бірақ, талай азаматты өзіне ғашық еткен арудың жүрегі бос емес.

Сұлу бикеш модельдікпен айналысумен қатар, блогерлікті де жақсы меңгеріп алған.

Ол бүгінде өте көп саяхаттап, әрбір елде болған қызықтарымен желіде бөлісіп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1788451-peristeler-kalasyny-minsiz-msindi-aruy-zigitterdi-esten-tandyruda/

pixel