ASOS директорының үш баласы Шри-Ланкадағы жарылыс кезінде көз жұмды
Опубликовано:
Танымал ASOS компаниясының негізін қалаушысы Андерс Холч жексенбі күні Шри-Ланкада орын алған жойқын жарылыс кезінде өзінің төрт баласының үшеуінен айырылып қалды деп хабарлайды Daily Mail -ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Даниядағы ең бай адамдардың бірі Андерс Холчтың өкілі балалардың өлімін растағанымен, нақты кімнің ажал құшқанын айтқан жоқ.
Терактіден бір күн бұрын Холчтың балаларының бірі Альма іні-сіңлілері Астрид, Агнес пен Альфредтің хауыз жанында отырып түскен суреттерімен бөліскен.
Айта кетейік, күні кеше Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлау кезінде сегіз жарылыс болды. Бүгінгі таңда құрбандардың саны 290-ға жетіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790380-asos-direktoryny-s-balasy-sri-lankadagy-zarylys-kezinde-kz-zmdy/