Өмір бойы студент: 30 жылда 145 диплом алған оқымысты жайлы не білеміз?
Жарияланған күні:
Оқуды бітіріп, диплом алу - қарапайым тапсырма емес. Ал егер олардың саны 145 болса ше? Үндістанда профессор Партибан (Parthiban) Ченнаи қаласында студенттерге дәріс оқиды. Ол соңғы 30 жылда 145 диплом алған және бұнымен тоқтап қалғысы келмейді деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Партибан көптеген саланы меңгерген.
Соның нәтижесінде профессор Ченнаидің әртүрлі колледждерінде 100-ден астам пәннен студенттерге дәріс оқиды.
Ол құқық, коммерция, өнер, бизнесті басқару және тағы басқа салалар бойынша магистр дәрежесін алған.

"Осының бәріне қалай үлгердіңіз?"- деп сұрайтындарға 50 жастағы профессор "әрқашан білмегенімді оқуға талпынамын", - деп жауап берген.
Партибан ең бірінші дипломын алған кезде, сақаб үлгерімі жақсы болмаған.
Ол емтиханға дайындық кезінде басқа пәндерге деген қызығушылығы арта беретінін байқаған.
Оған барлық ғылым салалары қызық болып көрініпті. Партибан жақсы дайындықпен университетке қабылданып, екінші дипломын алған. Содан кейін үшінші. Ал сосын тағы 142 мамандық иесі атанған.

Ер адам бірнеше курсқа бір уақытта барады.
"Соңғы отыз жылда мен үнемі емтиханға дайындалып, жаңа диплом алу үшін көп оқимын. Әрбір жексенбі күні менде емтихан немесе ғылыми жұмыс жазу", - деді ол.

Жүзден астам пәннен дәріс оқу оңай емес. Кейде профессор аудиторияға барып, қандай тақырыпта дәріс оқу керектігін ұмытып қалады екен.
"Бірақ студенттер ешқашан ренжіген емес", - дейді ол.

Партибан әйелімен және банк қызметкерімен бірге тұрады. Олардың тоғыз дипломы бар. Профессордың ұлы мен қызы инженер мамандығы бойынша білім алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790925-mir-bojy-student-30-zylda-145-diplom-algan-okymysty-zajly-ne-bilemiz/