jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Күйеуімен екі ай тұрып, ажырасқан келіншек жұрттан кеңес сұрады

: UGC

Есімін жасырын ұстаған келіншек бір ай көлемінде кездесіп жүрген жігітке тұрмысқа шығып, дәм-тұзы жараспаған соң ажырасып кетікенін айтып, мұңын шақты. Оның сөзінше, ол өзі секілді аз уақыт отау құрып, некесі бұзылған ер адаммен көңіл қосқан. Алайда келіншектің анасы той жасаудан бас тартып отырған адамдарға қызын бергісі келмейтінін айтқан деп хабарлайды alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ourmind.ru
Фото: ourmind.ru: UGC

Екі жыл бұрын бойжеткен өзі жақсы танып үлгермеген ер азаматқа тұрмысқа шыққан.

Бірақ отбасылық өмір екеуіне де бақыт әкелмеген соң, ерлі-зайыптылар ажырасуға бел буыпты. Көп ұзамай келіншек өзінің жанын түсінген ер азаматты кезіктірген.

"Ажырасқалы біраз уақыт өкен соң басқа жігітке жолықтым. Нақтырақ айтканда, бірінші оның анасымен танысып, жақсы араласып кеттік. Ол мені жақын тартып, өзінің ұлымен таныстырды. Ұлы да мен сиякты 2 ай тұрып ажырасып кеткен екен. Екеуміз бір-бірімізді жақсы түсіндік", - дейді келіншек.

Қызының сөйлесіп жүрген жігітіне о баста қарсы болмаған анасы оның той жасаудан бас тартқанын білген соң, пікірін өзгерткен екен.

"Ұзатуға жақын қалғанда мамам оларға қызымды бермеймін, салт-дәстүрді білмейтін адамдар, той жасамайды, адамдармен араласа алмайтын жанұя деп қырсығып қалды. Ең болмағанда бір қызымның тойы болғанын қалаймын дейді анам. Жігітім "тойға босқа шашыламыз, одан да сол ақшаны басқа керегімізге жұмсайық" дейді", - деді ол.

Әйел адам сүйіктісінің өзінен жасы үлкен және түсінігі мол екенін алға тартты. Екі оттың арасында қалған келіншек енді не анасын, не екінші жартысын таңдарын білмей дал болып жүр екен.

Екеуінен де айырылып қалуға қорыққан ол жан сырын ақтарып, жұрттан көмек сұрады.

"Жігіт менен үлкендеу, мені түсінеді. Енді басым қатты, егер  жігітті таңдасам, анаммен араласудан қалам, ал үй ішімді таңдасам, өзімді түсінетін, ұзақ уақыт іздеген адамымнан айрылам.  Кімді таңдаймын?", - дейді кейіпкер.

Күйеуімен екі ай тұрып, ажырасқан келіншек жұрттан кеңес сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.