Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Малайзияның экс-королі мен ресейлік арудың ресми түрде ажырасқаны расталды

Жарияланған күні:

Малайзияның бұрынғы королі Келантан штатының сұлтаны "Мәскеу аруы 2015" болған Оксана Воеводинамен ресми түрде ажырасқан. Бұл ақпаратты экс-басшының жеке қорғаушысы Ко Тиен Хуа атты сингапурлық заңгер растады деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lisa.ru
Фото: lisa.ru: UGC

РИА Новостидің өтініші бойынша, заңгер агенттікке жұптың ажырасқаны туралы ресми арызды жіберген.

Құжат Еversheds Harry Elias LLP сингапурлық заң фирмасының бланкісінде басылған.

"Біз Келантин басшысы Жоғары мәртебелі бесінші Мұхаммед сұлтанның қорғаушыларымыз. Аталған құжатпен Жоғарғы мәртебелі сұлтанның 2019 жылы 22 маусымда шариғат заңдарына сәйкес "талақ" сөзін үш рет айтып, Оксана Горбатенко ханыммен бірге біржола ажырасқаны туралы хабардар етеміз және Келантан сұлтанатының шариғат соты 2002 жылғы исламдық отбасылық заңнама туралы актіге сәйкес 2019 жылы 1 шілдесінде ажырасу туралы тиісті куәлік шығарады", — делінген Ко Тиен Хуа қол қойған құжатта.

Бұдан бөлек, қорғаушылар сұлтанның атынан оның жеке өміріне құрметпен қарауды өтінді.

Шариғаттық заңнама бойынша куәгерлердің көзінше үш рет "талақ" сөзін айту біржола ажырасуды білдіреді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың аяғында некесін қидыртқан Малайзияның экс-королі мен ресейлік арудың ажырасқаны туралы ақпарат Сингапурдың шариғат сотына сілтеме жасаған малайзиялық БАҚ-та пайда болған.

Алайда сот аталған ақпаратты теріске шығарған еді.

Қорғаушының арызына сәйкес, ажырасу Сингапурда емес, малайзиялық Келантан штатының шариғаттық сотында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807187-malajziany-eks-koroli-men-resejlik-arudy-resmi-trde-azyraskany-rastaldy/