Тапқыр ару ескі автобусты сатып алып, оны арманындағы үйге айналдырды
Жарияланған күні:
Америкалық Джесси Липскин есімді бойжеткен мінсіз баспана іздеп, уақытын кетірген жоқ. Ол ескі автобусты сатып алып, үш жылдың ішінде оны арманындағы үйге айналдырды деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазіргі уақытта Джессидің үйі көптеген қалалық пәтерлерден әлдеқайда әдемі көрінеді.
Джесси ғаламторда 1966 жылғы GMC маркалы автобусты көріп, бірден ғашық болып қалған. Көп ойланбастан ару көлікті сатып алып, алдағы бірнеше жылда оны қиялындағы баспанаға айналдыра бастайды.
Сылқым өзінің мұндай таңдауын экологиялық таза өмір салтымен өмір сүргісі келгенімен түсіндіреді.
"Алғаш рет "Мечты из мусора" деген деректі фильмді көргеннен кейін осындай ой туды. Ол жерде экосәулетшінің қайта өңделген заттарданр түрлі құрылғылар жасап жатқаны туралы айтылды", - дейді Джесси.
Аталған фильмнен кейін ару баспанасының қандай болатынын бірден ұққан. Сонымен қатар, дөңгелегі бар үй бойжеткенге саяхаттау үшін таптырмас баспана бола алады.
Джесси ойына алған істі жасап беретін адамдарды іздестіру кезінде көп қиындықтарға тап болған.
"Дизайнды жаным сүйеді. Бірақ, менің сантехника, электроникада тәжірибем жоқ. Ал бұл білімнің бәрі жобаны іске асыру кезінде қажет болды.
Бұл үйдің жөндеу жұмыстары кәдімгі пәтерлердікінен әлдеқайда күрделі еді. Оның жол жүріп тұратынын да ескеру керек болды.
Джесси ештеңеге қарамастан еңбек етіп, үш жыл ішінде арманындағы үйіне қол жеткізді. Оған арудың 70 мың доллар қаржаты кеткен
Қазіргі уақытта ару пәтеріне кіріп, Instagram-дағы парақшасына әсем үйінің суреттерін салып тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808477-tapkyr-aru-eski-avtobusty-satyp-alyp-ony-armanyndagy-jge-ajnaldyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.