Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлермен қарым-қатынаста әйелдің жіберетін басты қателіктері қандай?

Опубликовано:

Ер азаматпен көңіл қосып жүрген әйелдер өз қателіктерін көп байқай бермейді. Ал шын мәнінде, нәзік жандылардың мінезі немесе өзін ұстау өзгерген сәтте серілердің де оларға деге қарым-қатынасы құбыла бастайды. Ендеше, әйәелдердің жиі жіберетін қателіктері қандай? Бұл сұраққа Алаш айнасы жауап береді.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: Twitter

№ 1 қателік: Сіз жиі ақылгөйсіп кетесіз

Қарым-қатынастағы басты қателік – әйел тарапынан әңгіменің көбейіп кетуі. Бұл бос әңгіме емес. Әйел көбінесе өзінің неге көңілсіз екенін түсінудің орнына, "Мен саған қалай жасау керек екенін айтамын! Мен білемін! Сен білмейсің!" дейді.

Осылайша, мысалы, көлікте отырса, түскен соң да жалғастырып, жол бойы аузы жабылмауы мүмкін. Сөйтіп, болмашы нәрсе үшін, мың сөз айтылып, ер адамның миын ашытады.

№ 2 қателік: "Біресе көл, біресе шөлсіз"!

Әйел адам біресе көл, біресе шөл болып қалатынын мойындауымыз керек. Біресе "үнемі қолжетімді", біресе "мүлдем қолжетімсіз" болып кетеді. Екі түрлі жағдай болады:

Әйел адам ерінің іс-әрекетіне қарамастан, оған әрдайым қолжетімді болса, ол сол адам алдында өзінің бағасын түсіріп алады.

​Әйел адам отбасында қатал басшының немесе бәріне бірдей "ана" рөлінде болса, онда ол өзіне сексуалдық тартымдылығын жоғалтып алады. Себебі, ер адамның басында "ана" мен "секс" ұғымдары екі түрлі нәрсе. "Ана" махаббат үшін болса, секс үшін басқа әйел керек болары анық.

​Әйел дегеніміз – ана мен қыздың әдемі үйлесімі. Осы екеуі бірігіп, байсалды, толықтай үйлесімді, ара-тұра өзгере алатын әйел адамды жасай алады.

Ана ешқашанда өзгере алатын әйел бола алмайды, себебі ол үнемі мазасыздануы керек, түзу жолмен жүріп, үлгі көрсете білу қажет. Ал қыз бала икемді келеді, себебі ол кейде ақымақтыққа да баруы мүмкін.

№ 3 қателік: Арыстанды алақанмен ұрып жүрсіз

Әйел ерінің өзінің үмітін ақтамағанын айтып, өзіне тең келмейтіні туралы меңзей береді. "Сен жалқаусың!", "Қашанғы шыдауға болады?", "Ешқашан ақша таппайсың!", "Қашанғы жүресің?" деген сияқты сөздерді жиі айтады. Бұл арыстанды күн сайын алақанмен ұрғанмен тең. Оған сен "арыстан емессің, сен күшті емессің" деп айтқандаймен бірдей. Оның орнына "Менің көңіл-күйім болмай тұр", "Сен мені түсінгенің өте маңызды болғандықтан, сен аса мән бермедің, соған біраз ренжіп тұрмын" деген сияқты сөздерді айтуды ұсынамын.

Осылайша, әйел адам ер адамға оның іс-әрекет өзінің көңіл-күйіне әсер ететіндігін, яғни ер адам әйел адамның эмоционалдық жағдайына жауапты екенін білдіреді. Бұл өте маңызды.

Себебі, әйелдердің барлығы жауапкершілікті күтеді. Ал ер адам – артық жауапкершілікті алғысы келмейтін, өзін жайлы сезінетін адам. Сондықтан азаматтарымыз қасындағы жұбының көңіл-күйіне жауап бермес үшін, оған ыңғайлы жағдай жасауға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812364-erlermen-karym-katynasta-jeldi-ziberetin-basty-katelikteri-kandaj/

pixel