Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік тревел_блогерлердің пікірінше, Қазақстандағы туристерге арналған үздік орындар

Опубликовано:

Қазақстан бойынша блог-турда болған шетелдік блогерлер міндетті түрде келуге тиіс орындардың рейтингін құрады. Блог-тур "Қазақстанды таны" халықаралық блогерлер форумына орайластырылды.

Шетелдік тревел_блогерлердің пікірінше, Қазақстандағы туристерге арналған үздік орындар
Фото @danielcmarsh: Facebook

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 35 тревел-блогерлер еліміздің ең көркем жерлерінде болып қайтты. Топтарға бөлініп, гидтермен бірге Қазақстанды бес бағыт бойынша зерттеуге аттанды.

Бағыттардың бірі "Жібек жолы арқылы ғарышқа" деп аталды. Блогерлер Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласына барды. Оңтүстікке саяхат қызықты болды дейді шетелдік қонақтар.

Шетелдік тревел_блогерлердің пікірінше, Қазақстандағы туристерге арналған үздік орындар
Фото @iamtrevelr: Facebook

"Мен үшін Қазақстандағы үздік жерлер тізімінде - Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Бұл өз энергетикасымен ерекшеленетін орын. Сондай-ақ, Ақсу өзенінің каньоны және Зеньков кафедралды соборы да бар. Маған Алматы ұнады,Мен тіпті осы қаламен таңқалдым. Ол өте заманауи және тартымды. Алматы маған Будапешт немесе Белград сияқты менің сүйікті еуропалық қалаларымның кейбірін еске салады", - деді саяхатшы-режиссер Дэниел Вайнберг.

Шығыс Қазақстан бойынша Digital Detox эко-маршруты аясында блогерлер Өскемен, Язевое көлі, Рахман қайнарлары көліне барды. Мәселен, ресейлік блогер Миша Ронкаинен ол үшін Рахман көлі үлкен жаңалық болды дейді.

Шетелдік тревел_блогерлердің пікірінше, Қазақстандағы туристерге арналған үздік орындар
Фото @svoimxodom: Facebook
"Бұл сұлулығы керемет биік таулы көл. Рас, көп уақыт жаңбыр жауды, бірақ бұл сұлулықты бағалауға бөгет еткен жоқ. Біз көлде сырғанап, беткейге көтеріліп, сарқыраманы тамашаладық", - дейді блогер.

Блогерлер тобының Алматы облысы мен Алматы бойынша саяхаты да өте жарқын болды. Шетелдік туристер үлкен Алматы көлдері мен Шарын каньонында, Көлсай, Қайыңды, Алтын Емелде болып, киіз үйде тұрып, парапланмен ұшып, Eagle Hunting Show-ды көрді.

Шетелдік тревел_блогерлердің пікірінше, Қазақстандағы туристерге арналған үздік орындар
Фото @baya_iyi: Facebook

Филиппиндық блогер Карл Винсон өз рейтингісінде бірінші орынға Кіші Қайынды және үлкен Қайынды шатқалын қойды.

"Қазақстан табиғатының сұлулығы таңқаларлық! Біз Қазақстанды бай тарихы мен мәдени мұрасы бар ел ретінде әрдайым білдік, бірақ мұндай сұлу табиғатқа бай екенін білмегенбіз. Ақсу-Жабағылы қорығында каньондарды, шатқалдарды және тауларды көргеннен менің демім тарылып кетті, бұл жерлердің жақсы сақталғаны және олардың қорғалатыны қуантады", - деп атап өтті Карл Винсон.

Сонымен қатар, құрамында қазақстандық саяхатшылар да бар блогерлердің тағы бір тобы елдің батысын зерттеді. Маршрут "Wild Wild West" деп аталды. Блогерлер Торыш, жерасты мешіттері, Ақ көгершін, Ақтоғай, және Бозжыра алқабы сияқты орындарға барды.

Шетелдік тревел_блогерлердің пікірінше, Қазақстандағы туристерге арналған үздік орындар
Фото @ftbletsas: Facebook
"Бозжыра керемет пейзаждарға бай, мұнда барлығы басқа планетаға ұқсайды. Ақылға ең бірінші келетін нәрсе: бұл нағыз Марс қой! Жер ежелден бері ежелгі Тетис мұхитының түбі болған, сол жерде әлі күнге дейін судың іздері бар, ал адамдар акуланың сүйектерін табады. Жел мен сулармен жуылған, өткір жартастардың шетінде тұрып нағыз адреналин аласың – бұл расында көруге тұрарлық. Мен бүкіл Қазақстанды аралап көрдім, бірақ Бозжыра менің топымда бірінші орынға ие", - деп тревел-фотограф Александр Кузнецов еліміздің Батыс өңірінің сұлулығын сипаттайды.

"Кең даладағы Оазистер" деп аталатын топта әсем бағыт қалыптасты. Шетелдік туристер Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарына барды. Олардың маршрутына Бурабай-Көкшетау (Зеренді) – Баянауыл – Қарқаралы кірді. Бұл жерде олар көлдің айналасында велосипедпен серуендеді, қымыз ішті, Абылай хан алаңында жылқымен серуендеп, бауырсақ жеді.

Жобаны - "A kind heart" Қоғамдық бірлестігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Шетелдік тревел_блогерлердің пікірінше, Қазақстандағы туристерге арналған үздік орындар
Фото @saken_kagarov: Facebook

Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы, демеушілер - Sevens ауыз суы бар "GALANZ bottlers" компаниясы және "Aviata" компаниясы.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814272-seteldik-trevelblogerlerdi-pikirinse-kazakstandagy-turisterge-arnalgan-zdik-oryndar/

pixel