"Ғажайып": Қызды аңсаған отбасы 10 ұл баладан кейін қызды болды
Жарияланған күні:
39 жастағы Шотландия тұрғыны Алексис Бреттің бақыттан қуанышы қойнына сыймай жүр. Себебі олардың отбасында 10 ұлдан кейін көптен күткен қыз бала дүниеге келген деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
2018 жылдың аяғында Бретттер жанұясы жағымды жаңалықтың куәсі болады. Олардың анасы тапсырған тест Алексистің тағы да аяғы ауыр екенін растайды. Алайда отбасы мүшелері тағы бір інілерінің дүниеге келетін өздерінше болжаған. Дегенмен күтпеген жерден бәрі басқаша болып шығады.
"Шынымды айтсам тағы бір ұл болады дегенді сөзді естуге дайын тұрғам. Алайда оның қыз екенін білгенде төбем көкке жетті. Енді міне ол арамызда. Бұл дегеңіз ғажайып", - дейді Алексис Брет.
Көпбалалы отбасы өмірге жаңа келген ханшайымға Кэмерон деген есім берген. Бүгінде барлығы кілең ер балалардан құралған отбасында барлығы өзгере бастаған.
"Енді олар өздерін бұрынғыдан да жақсы ұстайтын болды. Қарындасы ұйықтап жатқанда тіпті, шуламайды. Оны тамақтандырады әрі көмектеседі. Бұл деген керемет", - дейді 11 баланың әкесі атанған Дэвид Бретт.
Бретттер отбасы бес жатын бөлмеден тұратын үйде өмір сүруде. Оны үнемі шашапай, таза ұстау мүмкін бола бермейді. Дегенмен көпбалалы ата-ана кішкентай көмекшілері барда бұның аса қиындық тудырмайтынын айтады.
Ал елдегі ең көпбалалы жанұяның бірі атанған Алексис пен Дэвид осы 11 балаға қанағат деп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816320-gazajyp-kyzdy-asagan-otbasy-10-l-baladan-kejin-kyzdy-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.