«Хабар» агенттігі Instagram желісінде тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялайды
Жарияланған күні:
«Хабар» Агенттігі өз телеарналарында тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялайды. 2019 жылдың 17 қыркүйек пен 23 қазан аралығында іріктеу кезеңінің үш сатысы instagram желісіндегі live режимінде жүзеге асатын болады.

«Хабар» Агенттігі», өз жұмысына үнемі жаңашылдық енгізу арқылы, уақыт пен заман ағымына сай үздіксіз ілгері дамып келеді. Осы жаңа маусымда біз қатарымызға кәсіби тележүргізушілерді қосқымыз келеді. «Хабар» - бұл үлкен мектеп, теңдесіз бастама. Бүгінде танымал тұлғалардың басым көпшілігі өз жолдарын осы жерден бастаған. Олардың барлығы жас журналистерге үлгі»,- деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин бүгінгі конкурстың бастау алғанына арналған баспасөз отырысында.
«Жаңа арна айналарын табу - Агенттіктің басты мақсаты. Бұл - кәсіби, жалпы қазақстандық кастинг. Арнайы сарапшылар тобы «Хабар» телеотбасылық ұжымында жұмыс істеуге лайық деп санаған ең мықты тележүргізушілерді таңдайтын болады»,- деп сөзін аяқтады.
Конкурстың негізгі талаптары:
- Кастингке кәмелеттік жасқа толған, Instagram желісінде аккаунты бар, кез келген азаматтар қатыса алады
- Конкурсқа қатысу – тегін
- «Хабар» Агенттігінің көркемдік кеңесінің мүшелері мен арнайы сарапшылар тобы барлық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады
- Іріктеу кезеңінің келесі сатысына кастингтің өткен кезеңінен мүдірмей өткен финалистер ғана қатыса алады
- Конкурстың талаптары мен ережесі туралы толығырақ www.khabar.kz. сайтында
Конкурс тәртібі:
- Кастингтің бірінші кезеңінде іріктеу қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын бейнежазбаны жариялап, онда не себепті өздерінің дәл «Хабар» Агенттігі бағдарламаларының жүргізушісі болуы тиістігін негіздей алуы тиіс. Instagram-дағы бейнежазбаның сипаттамасында қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, толық жасы мен #Хочуработатьнахабаре және #Хабардақызмететкімкеледі хэштегтері көрсетілуі керек. Бірінші кезең - 2019 жылдың 16 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткізіледі.
- Сарапшылардың іріктеуінен келесі кезеңге өткен қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын өз қаласындағы оқиғалар желісін баяндауы тиіс. Оқиғаны және түсірілім стилін таңдау қатысушысының өз еркінде. Аталмыш бейнежазбаны қатысушы Instagram-да #Хочуработатьнабаре2 және #Хабардақызмететкімкеледі2 хэштегтерімен көрсетуі тиіс. Бұл екінші кезең -2019 жылдың 7 қазан-14 қазан аралығында өткізіледі.
- Аяқтаушы болып табылатын кастингтің үшінші кезеңінде - қатысушы сынақ бейнежазбасына келіп, түсуі керек. Соңғы болып табылатын үшінші кезең - 2019 жылдың 14 - 23 қазан аралығында өткізіледі.
Конкурстың жеңімпаздары арнайы сарапшылар тобымен анықталып, 2019 жылдың 23 қазанында жарияланатын болады.
*PR құқығында
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817077-habar-agenttigi-instagram-zelisinde-telezrgizusilerge-konkurs-kasting-zarialajdy/