Өз күшімен орманда саябақ құрастырған ер адам әлемді таңдай қақтырды
Жарияланған күні:
Италиялық Бруно есімді ер адам кішігірім мейрамхана ашып, артынша саябақ құрастырған. Бүгінде жігіттің орманда орналасқан әткеншектер әлемі көптеген балалардың көз қуанышына айналып отыр деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
1969 жылдың 15 маусымында жас италиялық Бруно шұжық пен ішімдіктің арқасында болашағын айғақтаған.
"Бұл керемет күн еді. Екі құман қызыл және ақ шарапты алдым. 5 немесе 6 келі қарапайым шұжығы бар азық-түлік сөмкесін ағашқа іліп, астына қақтама орнаттым. Ол жерде ешқандай тақтайша болмағандықтан, маған біреу келеді деп мүлде ойламадым. Біраздан кейін екі жігіт келіп: "бұл не?" деп сұрады. Мен: "бұл мейрамхана" дедім", - дейді Бруно.
Бруно кішігірім кәсібінің табысқа жететенін білген жоқ. Алайда күннің соңында барлық тағам мен алкогольды сусындар сатылып бітті.
Сол кезде ер адамның ойына керемет ой келеді. Ол орманның ішінде таверна ашуды шешеді. Бруно оны құрастыру үшін металды қолданған.
Сол кезде Бруно өзі темірді соғып үйренді. Жұмыс барысында жігіттің басына тағы бір ой келді.
Бруно өз күшімен парк салуды қолға алған.
40 жыл бойы ер адам өзінің арманы үшін еңбек етті. Қазіргі таңда кішігірім мейрамхананың айналасында әткеншектен, батуттар пайда болған.
"Әткеншек дайын болғанда мен оның жақсы жұмыс істейтінін біліп тұрамын. Түнде шығып, оған жай ғана қарап тұрамын. Өзімнің ісінен ләззат аламын", - дейді құрастырушы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824959-z-ksimen-ormanda-saabak-krastyrgan-er-adam-lemdi-tadaj-kaktyrdy/