jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Есірткіге тәуелді ару екі жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

: Twitter

АҚШ-тың Орегона штатында тұратын 25 жастағы Джейми Валет есірткі адам өмірінің тас-талқанын шығаратынына көзі жеткен. Бар күш-жігерін жинап, салауатты өмірді таңдаған бойжеткен бүгінде адам танымастай өзгерген деп хабарлайды Daily Mail порталына сілтеме жасаған

KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/jamee.valet
Фото: facebook.com/jamee.valet: Twitter

Кез келген адам Джеймидің қазіргі суреттеріне қарап, оның басынан түрме, зорлау, есірткіге тәуелділік, суицид жасауға талпыныс өткен деп ойламайды.

Бойжеткен желіде екі жыл айырмашылығы бар суреттерін жариялап, қалай өзгеріп кеткенін көрсетті.

Джеймидің тәуелділігі 13 жасында марихиуананың дәмін татып көрген соң басталған. Айтуынша, оның балалық шағы ауыр өтіпті. Ал қиындықтан құтылу жолы ретінде ол есірткі, алкоголь және жыныстық қатынасты таңдаған.

Америкалық ару 17 жасында мектепті тастап, зорлау оқиғасына тап болады. Одан кейін 19 жасында түрмеге отырып, сол жерде өз-өзіне қол салмақ болыпты.

Кейінірек бостандыққа шыққан соң есірткіге мүлдем жоламаймын деп өзіне сөз береді. Алайда өз-өзін ұстай алмаған ол, уәдесінде тұра алмай, тіпті есірткі үшін тәнін сатуға дейін барған.

Алайда оның өмірі аяқ астынан өзгереді. Джейми кезекті оңалту орталығына барған кезде Джейк есімді жігітті кездестіреді.

Екеуінің арасында махаббат оты тұтанып, олар қиындықпен, нашақорлықпен бірге күреседі. Шынайы сезімнің арқасында есірткіге тәуелділіктен арылу жұптардың қолынан келген.

Қазір Джейми колледжін аяқтап, косметолог маман болуды армандап жүр.

Фото: facebook.com/jamee.valet
Фото: facebook.com/jamee.valet: Twitter

Есірткіге тәуелді ару екі жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.