Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістандық магнат 542 қалыңдақ пен күйеу жігітке той жасап берді (фото, видео)

Опубликовано:

индийский магнат и 542 невесты, которым он устроил свадьбу
Фото: Facebook

Үндістандық гауһар магнат 271 жұпқа неке қию рәсімін жасап берді. Азаматтың ғашықтарға неге көмектескені жайлы KAZ.NUR.KZ Sandesh News басылымына сілтеме жасап жазады.

Үндістанық жұптардың мерекесі тек бір көшеде емес, толық бір Гуджарат штатында тойланған. 542 қалыңдық пен күйеу жігіт той киімдерімен мыңдаған мейманды күткен.

Мұндай мейрамды гауһар саудасымен айналысатын жергілікті Махеш Савани есімді саудагер ұйымдастырыпты. Ол 2010 жылдан бері әкесіз қалған қыздарға тұрмыс құруға көмектесіп жүр екен.

Үндістанда тұрмысқа шығу қымбат тұрады. Себебі, тойдағы барлық шығынды қыздың жанұясы көтереді. Ал күйеу жігітке ақшамен және қымбат сыйлықтармен жасау беріледі. Одан бөлек, достар мен туыстарды аста-төк дастарханмен күтіп алу керек.

Сондықтан, асыраушысы жоқ жанұяға қиындық туады. Нәтижесінде, көптеген қыз тұрмысқа шыға алмайды. Жанұя құру өмірдің мәні, ал қызды тұрмысқа беру ізгі іс дейтін Махеш Савани бойжеткендерге сол себепті көмектесе бастапты.

Магнат алғашқы тойын 23 қызға арнап жасаған. Осылайша, жыл сайын олардың саны арта түскен. Бұл жылы рәсім рекордтық көрсеткішке жетті. Осы уақытқа дейін Махеш Савани 3,1 мың жұпты үйлендірген.

Айта кетейік, ғаламтор кеңістігінде отандық танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет отау құрғаны жайлы ақпарат желдей есіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1832968-ndistandyk-magnat-542-kalydak-pen-kjeu-zigitke-toj-zasap-berdi-foto-video/

pixel