Үйдегі Wi-Fi-дың нашар жұмыс істеуінің сыры неде
Жарияланған күні:
Қазіргі қазақ қоғамын ғаламторсыз, әлеуметтік желісіз елестету қиын. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін интернетті пайдаланады. Ауыр болса да бұл шындық. Олар үшін сол интернеттің тез жұмыс істегені тіптен керемет. Алайда кейде Wi-Fi жылдамдығы нашарлап, жұмысты қиындатып жібереді. Мұны көп құрылғы қосылып тұрғаннан деп ойлайтынымыз жасырын емес. Бірақ бұған басқа да факторлар ықпал етуі мүмкін. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап үйдегі Wi-Fi жұмысына кері әсер ететін заттарды ұсынады.
Металл қаптамалар мен жиһаздар
Металлдан жасалған бұйымдар мен заттар электромагнитті толқындардың жолына тосқауыл болады. Соның салдарынан интернет жылдамдығы төмендейді. Ол үшін маршрутизаторды металл қаптамалары бар заттар мен жиһаздардан алыс қойған абзал.
Кірпіш және тастан жасалған сәндік қабырғалар
Заманауи дизайнерлік үлгілер бөлме сәнін келтіріп, көрік қосады. Бірақ мәрмәрдан, тастан, кірпіштен жасалған сән үлгісіндегі қабырғалардың интернет жылдамдығына кері әсері барын біреу білсе, біреу білмес. Ондай қабырғаларда өзге бөлмелерге сигналдың жетуі қиындайды. Бұл қиындықты шешу үшін маршрутизаторды бұндай қабырғалардан алыс және ашық жерге қойған дұрыс.
Айна
Бөлмедегі айна да Wi-Fi жұмысына кедергісін келтіреді. Маршрутизатордың жанында тұрса интернет жылдамдығы тіпті нашарлайды.
Шырша гирляндасы
Жаңа жыл кезінде интернетіңіз нашарлап, жылдамдығы төмендегенін байқаған боларсыз. Расында шырша гирляндасы жанып тұрса интернет жылдамдығын нашарлатады.
Микротолқынды пеш
Үйде микротолқынды пеш пен Wi-Fi бағдарлағыш қатар тұра қоймас. Екеуінің толқын жиілігі сәйкес келеді. Бір бөлмеге қойған жағдайда бағдарлағышты жоғары қою керек. Сонда интернет жылдамдығы қатты төмендей қоймайды.
Тоңазытқыш пен кір жуатын машина
Бұл тұрмыстық техникалар да Wi-Fi жұмысын қиындатады. Сондықтан тоңазытқыш пен кір жуатын машина жанына да роутерді қоюдың қажеті жоқ.
Еске сала кетсек, осыған дейін Интернет-алаяқтарға алданбаудың жолын айтқан болатынбыз.
Ал ішкі істер министрлігі WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайтынын мәлімдеген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839534-jdegi-wi-fi-dy-nasar-zmys-isteuini-syry-nede/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.