Жас қызға ұқсаған 40 жастағы екі баланың анасы сұлулығымен әлем назарына ілікті
Жарияланған күні:
Көпшілік екі баланың анасы әрі бет әрлеуші Соняны бойжеткенге ұқсатады. Алайда олар келіншектің 21 жастағы қызы бар екенін білгенде таңырқап қалады екен. 40 жастағы әйел бүгінгі таңға дейін жастық шағын қаз қалпында сақтап қалуға өзіне не көмектесетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда оны 18-дегі бойжеткенмен шатастырып алу қиын емес.
Ирландиялық келіншек өзінің 21 жастағы қызы Ренемен серуендеуге шыққан кезде көпшілік оларды егіз деп ойлап қалады екен.
40 жастағы Соня өзгелерге олардың шын мәнінде әпкелі-сіңлі емес, анасы мен қызы екенін айтқанды ұнатады. Себебі көпшілік мұны білген кезде аса таңданыспен қарайды.
Келіншектің сөзінше, оған үнемі жас болып көрінуге оның жұмысы көмектеседі екен.
Соняның пікірінше, бір спортпен жастық шақты қаз қалпында сақтап қалу қиын, онымен қоса теріге де дұрыс күтім қажет. Әйел тек қымбат косметикаларды қолданып, түрлі сұлулық процедураларына қатысады. Сондай-ақ Соня қызының оған сәнді киім таңдауға көмектесетінін айтты.
Соняның тек бет әлпеті ғана емес, жан дүниесі де жас. Соның арқасында арудың қызымен қарым-қатынасы керемет. Әйелдің сөзінше, олар құрбы секілді. Бірге серуендеп, көңіл көтеріп, жігіттер жайлы сөйлесіп, шүйіркелеседі екен.
"Жиырмадан асқан кезде түнгі клубтарға барып, көңіл көтеріп үлгердім. Қазір көп жағдайда үйде болғанды ұнатамын", - деді әйел.
Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы түрік волейболшысы ерекше сұлулығымен әлем назарына ілікті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843831-zas-kyzga-ksagan-40-zastagy-eki-balany-anasy-slulygymen-lem-nazaryna-ilikti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.