jitsu gif
Тағам

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі

    : UGC

    Күнделікті дұрыс тамақтану адам организмі үшін аса қажет. Уақытылы, пайдалы тағамдарды жемеудің салдары денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Әсіресе, түскі уақытта жақсылап тамақтану керек деген түсінікті те қалыптасқан. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Social media news-ке сілтеме жасап әр мемлекеттің оқушылары түскі асқа не жейтінін анықтады.

    оқушылар
    Көрнекі фото: pixaabay.com: UGC

    Греция

    Грек оқушылары түскі асқа буға піскен тауық пен Орсо соусын, балғын көкөністерден салат жейді. Ал десертке апельсин және анардан жасалған грек йогурты беріледі. Бұл астардың құрамы ақуыздар мен дәрумендерге бай.

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі
    Фото: sm-news.ru: Facebook

    Италия

    Италиялық оқушылардың түскі асына балық, капрезе салаты, нан, қызанақ соусымен макарон және десертке жүзім беріледі. Бұл тағамдардың да құрамы дәрумендерге, ақуыздар мен көмірсуларға өте бай.

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі
    Фото: sm-news.ru: Facebook

    Финляндия

    Фин оқушыларына түскі асқа бұршақтан жасалған сорпа, қызылшадан және сәбізден салат ұсынылады. Ал десерт ретінде балғын жемістермен құймақтар, сондай-ақ, баланың қалауына сәйкес қара не дәнді нан беріледі.

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі
    Фото: sm-news.ru: Facebook

    Франция

    Француз оқушыларының түскі асы негізінен еттен тұрады. Яғни, оларға стейк, сәбіз және гарнирге фасоль, француз сыры мен балғын жемістер беріледі.

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі
    Фото: sm-news.ru: Twitter

    Бразилия

    Бразилиялықтардың түскі асы көкөністермен байытылған. Балаларға қара үрмебұршақ, күріш, балғын жасыл салат, нан және десертке банан беріледі. Бұл тағамдардың құрамында да дәрумендер жетерлік.

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі
    Фото: sm-news.ru: Instagram

    Испания

    Асшаяндардан жасалған соте және гарнир есебінде көкөністермен бұқтырылған күріш, гаспачо сорпасы, балғын бұрыш пен нан және десертке апельсин - испаниялық оқушылардың түскі асы.

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі
    Фото: sm-news.ru: Facebook

    Еске сала кетсек, бұған дейін жылдам әзірленетін кеспелерден торт жасайтын кондитерлер жайлы жазған едік.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Әлем елдерінің оқушыларына түскі асқа не беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.