Сібірден Австралияға дейін үш жыл жаяу жүрген саяхатшы әйел әлемді таңғалдырды
Жарияланған күні:
Швейцариялық азаматша Сара Маркиз жаяу саяхаттап жүріп екі континентті кесіп өткен. Саяхатшы келіншек алты мемлекетте болып, осы уақыт аралығында сегіз аяқ киім ауыстырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.
Сара Сібірден Австралияға дейін үш жыл жүріп, жалғыз өзі 16 мың шақырымды бағындырған.
Маркиз Швейцарияның солтүстігіндегі кішігірім ауылда дүниеге келген. CNN арнасына берген сұқбатында саяхатшы үнемі табиғатпен үндесуге тырысқанын айтады.
"Иә, бала күнімнен осыны қаладым. Кішкентай күнімде таңертең ерте тұрып орманға кетіп қалып, өзім үшін жаңа бір дүниені ашатынмын", - дейді ол.
8 жасында Сара Маркиз итін өзімен бірге алып, орманға қашып кетіп, сол жердегі үңгірде ұйықтаған. Өскен сайын оның бағыттары күрделене бастапты. Ол жаяу жүріп Жаңа Зеландияны, АҚШ-ты кесіп өткен. Австралия бойымен 14 000 шақырым жүріп, Анд тауын бағындырған.
2010 жылы Сара ең күрделі және керемет саяхаттарды біріне аттанды. Ол жол жүрудің алдында картаны мұқият зерттеген.
Үш жылдық сапар Сібірден басталды. Сара Гоби шөл даласы, Қытай, Лаос пен Таиланд арқылы жүріп өтеді.
Таиландтан Австралияға дейін келіншек Брисбенге бағытталған жүк кемесінің бортында отырып барса, Австралияның барлық жерін ол жаяу аралайды. Сара саяхатын шөлді мекендегі ағаштың маңында аяқтаған.
Ол дәл сол жерді 10 жыл бұрын өзінің бастапқы саяхаты кезінде байқап қалыпты.
Гоби шөлді мекенін Сара тек үшінші саяхаты кезінде ғана кесіп өте алған.
"Күн өте суық әрі желді еді. Кейде мен осыншалық төмен температурада, әсіресе түнде аман қала аламын ба деген ойлар келетін", - дейді Сара Гоби жайлы.
Естеріңізге сала кетейік, ескі вагонды жайлы баспанаға айналдырған саяхатшы ғашықтар жайлы жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1844966-sibirden-avstraliaga-dejin-s-zyl-zaau-zrgen-saahatsy-jel-lemdi-tagaldyrdy/