Ескі вагонды жайлы баспанаға айналдырған өнерлі жұп көпті таңғалдыруда
Опубликовано:
Жұртышылық баспаналаы болу үшін жаппай потекалық несие алып жатқан кезде АҚШ-тан шыққан суретшілер ескі вагонды жайлы үй-жайға айналдыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Дэн мен Аннабель —АҚШ-тың Форт-Коллинс қаласының тұрғындары. Олар ескі вагонды сатып алып, оны өмір сүруге жайлы баспағана айналдырған.
Өнерлі қос-ғашықтың басты мақсаты вагонның өзіндік түсін сақтап қалу еді. Олар баспаналарын өткен ғасырдың 40-жылдарындағы стильге сай безендірді.

Вагонның үсті металл мен шыныдан жасалған. Ол бөлме ішіне жарықтың көп мөлшерде түсуіне, сондай-ақ, бөлме ішін кең етіп көрсетуге негіз болады.

Вагонның ішкі бөлігі ескі ағаш панельдерден жасалған. Ал бөлменің өзі антиквар жиһазбен толықты.

Олар интерьерді толығымен өздері ойлап тапты.
Дэн мен Аннабель жайлы баспаналарына 25-30 мың доллар жұмсады. Десе де, ескі вагонның ішінде енді өмір сүруге қолайлы жағдайдың бәрі жасалды.
Мәселен, үйдің ішінде дәретхана, пеш және бет жуатын арнайы орын бар.

Вагонның іші адамға қажеттінің бәрімен қамтамсыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, жедел жәрдем көлігін сәнді баспанаға айналдырған қос ғашық әлемді тамсандырды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843872-eski-vagondy-zajly-baspanaga-ajnaldyrgan-nerli-zp-kpti-tagaldyruda/