Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хиджабтағы мұсылман қыздар арасындағы сұлулық байқауы қалай өтеді

Опубликовано:

Нәзік жандылар бақ сынасатын "Әлем аруы", "Ғалам аруы" сынды көптеген сұлулық байқаулары бар. Бұл сайыстар туралы білмейтін жан кемде-кем. Алайда көпшілікке беймәлім болғанымен мұсылман қыздар да "Мисс" атағы үшін таласады. Дін жолындағы арулардың сайысында жетім балалар қазылық етедідеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

фотрепушка
Фото: Monique Jaques: Facebook

"Miss World Muslimah" сайысысы алғаш рет 2011 жылы индонезиялық қыздар арасында өткізілген. Кейінірек БАҚ беттерінде оны "Әлем аруымен" салыстыру көбейген соң, байқау жаһандық конкурсқа айналған.

фотрепушка
Фото: Monique Jaques: Facebook

Мұсылмандар арасындағы конкурс ешбір сұлулық байқауына ұқсамайды. Мұнда қыздар бикинидің орнына хиджаб киіп, діни білімдерін ортаға салады. Тіпті, жұлдызды қазылар алқасының орнына жетім балалар жайғасады.

фотрепушка
2014 жылғы жеңімпаз. Фото: Monique Jaques: Twitter

Финалға дайындық кезінде қатысушылар екі апта бойы таң атпастан ерте тұрып, мінсіз киінеді. Сондай-ақ олар күніне 5 рет намаз оқиды.

фотрепушка
Фото: Monique Jaques: Facebook

Бұл байқауға қатысушылар арасында дәрігерлер, инженерлер, мұғалімдер бар. Олар сайыс аясында қасиетті Құраннан үзінділер оқып, ислам бойынша әйелдердің қандай болуы керек екенін, не рұқсат етіліп, ненің рұқсат етілмегенін қызу талқыға салады.

фотрепушка
Фото: Monique Jaques: Facebook

Айта кетсек, байқауда сайыс жеңімпазы, екінші орын, үшінші орын, ең үздік Құран оқушы, ең талантты мұсылман әйелі, ең рухтандырушы, ең белсенді және көрермен көзайымы сынды сегіз аталым бар.

фотрепушка
Фото: Monique Jaques: Facebook

Қыздарға жүлделі орындарды жетім балалар береді. Байқаудың ең басты сыйлығы - Меккеге жолдама.

фотрепушка
Фото: Monique Jaques: Facebook

Еске сала кетсек, кеше әлемге таралған қауіпті коронавирус жұқтырған танымал тұлғалардың кім екенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1845799-hidzabtagy-msylman-kyzdar-arasyndagy-slulyk-bajkauy-kalaj-tedi/

pixel