Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус ошағы болған Уханьда карантин алынып, қала өмірі жандана бастады

Жарияланған күні:

Жақында Уханьда шекара ашылып, карантин алынды. Қаладағы тіршілік бірте-бірте жандана бастады. Адамдар көшеге шыққанымен, өздерін өте сақ ұстайтыны байқалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Карантин кезіндегі және қазіргі Ухан. Коллаж NUR.KZ (Фото: "Синьхуа" ақпарат агенттігі): UGC

Қаладағы оқшаулау шарасы екі айдан аса уақытқа - жалпы 76 күнге созылды. Ал қазір карантин алынып, жергілікті халық өзін қайта еркін сезіне бастаған.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Сонда да олар пайдаға асатын әдеттерін тастамапты: әлі де маска тағады, қолын жиі жуады, антисептик пайдаланады.

Кейбір тұрғындар тіпті арнайы киім киіп, көшеге шыққан.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Қалада әлі де аулалар мен ғимараттарды залалсыздандыратын дезинфекциялаушылар жұмыс істейді. Олар көп адам жүретін жерлерге көбірек көңіл бөліп, тазалайды.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Алайда мұндай шаралар тұрғындарға еш кедергі емес. Адамдар бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып, қыдырып, азық-түлік дүкендерін аралап жүр.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Ухань қаласының билігі тұрғындарға тіпті шаһардан шығуға да рұқсат берген.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

23 қаңтарда бұл қала инфекция таралуы кесірінен әлемнен шеттетілген болатын. Ол кезде билік мекемелердің барлығын жауып, көлік қозғалысын тоқтатып, адамдарға қаладан шығуға тыйым салынған еді.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Кейін Қытайдың басқа да қалаларында карантиненгізіле бастады.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Наурыз айының ортасына қарай Қытайдағы жағдай оңала бастады.

Ел ішіне сырттан ауру жұқтырып келгендерді есепке алмағанда, Уханьда ауру жұқтыру жаңа фактілері пайда болуын тоқтатты.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Коронавирус пайда болғалы Хубэй қаласында 3215 тұрғын көз жұмды. Бұл қала да Уханьмен бірге коронавирустың ошағы деп саналды және мұнда өлім-жітім жағдайлары барлық елден асып түскен.

Уханда карантин алынып, қала жандарды
Коллаж: "Синьхуа" ақпарат агенттігі: UGC

Қытайда барлығы 82 867 ауру жұқтыру фактісі анықталып, олардың ішінде 77 639 науқас емделіп шығып, 3339 адам қайтыс болған.

Бұл деректерге сенсек, елде ауру жұқтырған 2 мыңнан кем адам қалған көрінеді.

Еске сала кетсек, дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі адамдар әлемді дүр сілкіндірген коронавирустан қорғанудың неше түрлі әдісін тапқаны жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1850033-koronavirus-osagy-bolgan-uhanda-karantin-alynyp-kala-miri-zandana-bastady/