Ерекше стильде салынған үш қабатты үй көпшілікті таңғалдырды
Опубликовано:
Оңтүстік Корейлік Moon Hoon Land сәулет бюросы ерекше үйдің жобасын іске асырды. Ол ерекше дизайнының арқасында тұрғындарды таңдай қақтырып, қаладағы танымал үйлердің біріне айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда жаңадан отбасын құрған ерлі-зайыптылар ескі мегаполистерден жаңа әрі тыныш, таза қалаларға жаппай көшуде.
Мoon Hoon Land сыртқы және ішкі көрінісімен өзгелердің көңілін аударатын ерекше үйді құрастыруды шешті.

Үй арнайы тасырыс бойынша салынды. Үйдің болашақ иесі бала күнінен ғарышкер болуды аңсаған. Сол себепі балаларға арналған ойын бөлмесі оларды ойша болса да ғарыш кеңістігіне жеткізетін секілді көрінеді. Айта кету керек, бөлме үлкен әрі көп терезелермен қамтылған.

Сондай-ақ, жоғары қабатта кішігірім бөлме бар. Оның есігін анықтау оңайға соқпайды. Жалпы үйдің өзі үлкен терезелердің арқасында көзге бірден әрі ерекше болып түседі.
Естеріңізге сала кетейік, Балиде екі қабатты виллада тұратын блогерлер карантинге шағымданып, елдің шамына тиген еді.

Қос ғашық көздің жауын алатын сарайда тұрып жатқанына қарамастан үйде отыруға мәжбүр болғандарына аса қуанбады.


Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1850432-erekse-stilde-salyngan-s-kabatty-j-kpsilikti-tagaldyrdy/