Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балиде екі қабатты виллада тұратын блогерлер карантинге шағымданып, елдің шамына тиді

Жарияланған күні:

Ұлыбританиядан шыққан 29 жастағы Джек Моррис пен 26 жастағы австралиялық Лорен Буллен саяхат кезінде танысып, бір жылдан бері Балиде тұрып жатыр. Олардың бірігіп салған екі қабатты вилласы көз тартады, алайда соған қарамастан қос ғашық үйде отырғанына риза емес екенін айтып көптің ашуына тиген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балидегі үш қабатты виллада тұратын блогерлер карантинге шағымданып, көшіліктің шамына тиді
Фото: instagram.com/doyoutravel: UGC

Джек пен Лори блогерлік саладан түскен қаржыға аралда екі қабатты үй тұрғызып, сол жерде өмір сүруде. Қос ғашық көздің жауын алатын сарайда тұрып жатқанына қарамастан үйде отыруға мәжбүр болғандарына аса қуанбады.

Ер адам желідегі парақшасына қонақ бөлмесінде онлайн ойындар ойнап жатқан суретін жүктеді. "Нетфликс" мен Марио Карт — қазір менің өміріме айналды", — деп әзілдеп жазды блогер.

Ол одан бөлек бірнеше жазба салып, Балидегі карантиннің қалай өтіп жатқанын айтып, үйден шықпай отырғанына дән риза емес екенін сөз еткен.

Алайда Джек игі іс үшін үйде болғаннан басқа амалы жоқ екенін алға тартты.

Жігіттің жазбалары 2,7 млн оқырманның шамына тиіп, жаман пікірлерге әкеп соқты.

"Білесің бе, жағдайың бұдан да жаман болуы мүмкін еді", "Үндемей қойсаңдар болар еді, барлығыс осындай үйлерде оқшаулануды қалайды", "Үйде отырыңдар деп айту оңай. Сендердің үйлерің менікінен әлдеқайда үлкен", - деп жазды олар.

Қос ғашық екі қабатты, үш жатын бөлмесі бар зәулім сарайды небәрі бір жылда салып шықты. Кішігірім бассейн мен лаунж бөлігі виллаға ерекше көрік беріп тұр. Олар тіпті, үйдің ішкі көрінісіне аса мән берген.

Еске сала кетсек, Англияда коронавирустық инфекциямен жансақтау бөлімінде жатқан науқас әлем халқына үндеу жасаған еді. Ер адам көпшіліктен сақтық шараларын барынша ұстап, ет жақындарының өмірін қатерге тікпеулерін өтінген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849198-balide-eki-kabatty-villada-tratyn-blogerler-karantinge-sagymdanyp-eldi-samyna-tidi/