Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сумах коронавирус инфекциясына ем бе

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде "сумах деген өсімдік коронавирус инфекциясына ем екен" деген ақпараттың тараған. Осыған байланысты еліміздің діни басқармасы пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Басылымның жазуынша, желіде тараған ақпаратта төркіні Түркия жақтан шығыпты.

Яғни Түркияның Шырнақ ауданына қарасты Жизре ауылында тұратын намазхан бір әйел түсінде Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көріпті. Пайғамбарымыз әлгі әйелге "Сумахты суға араластырып ішкен адам коронавирусты жұқтырған кісі болса құлан-таза айығып кетеді, ал жұқтырмаған кісі ішсе коронавирус оған жұқпайды" депті-мыс. Бұлай болуы мүмкін бе?

Бұған қатысты белгілі ұстаз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы пікір білдірді.

"Біріншіден, мына мәселені түйсініп алайық. Түстің негізінде діни, яғни сенім, фиқһи (шариғи) мәселелер қалыптаспайды. Емдік мақсатта ішуге қолданылатын дәрілер де, өсімдіктер де шариғаттың шеңберіне кіреді. Екіншіден, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсте көруге әбден болады. Оған дау жоқ. Бірақ әлгі апайдың көргені әрі кетсе тек сол апайға ғана қатысты болады.
Сумахтың асқазан ауруларына, қуықтың қабынуына (циститке) пайдасы бар. Сондай-ақ ғасырлар бойы араб пен түріктің тамағында дәмдеуіш ретінде пайдаланылып келеді. Сол себепті емді дәрігерлеріміздің кеңесінен іздейік. Елімізде енгізілген төтенше жағдайдың тәртібіне бағынайық. Сумах іздеп кетпейік", - деді ол.

Белгілі болғандай сумах Африка, Шығыс Азияда елдерінде өседі. Түркияда бұл өсімдік көбіне дәмдеуіш ретінде қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1850852-sumah-koronavirus-infekciasyna-em-be/

pixel