jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қытайда адамның бет-әлпетін тану жүйесі 32 жыл бұрын жоғалған баланы тауып берді (фото)

: Facebook

Қытайда адамның бет-әлпетін тану жүйесі арқылы 1988 жылы ұрланған бала табылып, ата-анасына қайтарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Фото: cnn.com
Фото: cnn.com: Facebook

32 жылдан кейін туған ата-анасымен қауышқан Мао Иньді екі жасында яғни 1988 жылы Қытайдың Сиань қаласындағы қонақ үй маңынан белгісіз біреулер ұрлап әкеткен.

Кейіннен оны Сычуань провинциясындағы перзенті жоқ отбасыға сатып жіберген.

Ал биылғы жылдың сәуір айының соңында Сиань қаласының полициясы 1980 жылдары Сычуань провинциясының тұрғыны кішкентай баланы сатып алғанын анықтайды.

Олар Маоның бала кездегі суретін алып, болжам бойынша оның ересек кездегі келбетін жасап шығарды. Сөйтіп, адамның бет-әлпетін тану технологиясы арқылы ұлттық дерекқордағы сурттермен салыстырып шығады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері Маоға ұқсайтын адамды тауып, ДНҚ тесті арқылы оның ұрланған бала екенін біледі.

Фото: cnn.com
Фото: cnn.com: Facebook

18 мамырда 34 жастағы Мао өзінің биологиялық ата-анасымен қауышты. Анасы баласы жоғалғаннан кейін, жұмыстан шығып, бар уақытын оны іздеуге арнағанын жеткізді. Енді Мао өзінің ата-анасының үйіне көшуді жоспарлап отыр.

Ал жергілікті билік оны асырап алған жанұя туралы ақпарат әзірге берілмейтінін, адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін америкалықтар асырап алған қазақ баласының Өскемендегі туған ағасын тапқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қытайда адамның бет-әлпетін тану жүйесі 32 жыл бұрын жоғалған баланы тауып берді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.