Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

37 келі салмақ тастаған жас жігіт адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Опубликовано:

Үндістанның Мисоре, Карнатака қаласының тұрғыны Сушант Сривастава бір жылда 37 келіге қалай арықтағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

37 келі тастаған жігіт адам танымастай өзгеріп кетті (фото)
Фото: Жеке мұрағат: UGC

22 жастағы студенттің сөзінше, өзгерлердің үнемі оның артық салмағына қатысты кеңестері оның ашуын келтіретін. Ол өзінің кемшілігін бетіне басатындарға ренжіп қалатын болған.

Бір кездері тіпті оның салмағы 115 келіге жетеді. Осы кезде жас жігіт арықтауға бел буып, бәріне өзінің күш жігерін дәлелдемек болады.

Көп ұзамай Сривастава дұрыс тамақтанып, спортпен айналыса бастайды. Оның айналасында фитнеске қызығатын адам болмағандықтан, ол үйде онлайн жаттығулар жасауды жөн көреді.

Қазіргі уақытта жігіт фаст фудтан толығымен бас тартып, грек йогуртын, чапати тоқашын, отқа піскен тауық пен омлетті рационына енгізген.

Ал жаттығулардан кейін өзі дайындаған протеинді смузи ішеді. Десе де, Сривастава күнделікті асын түрлендіру үшін аптасына бір рет дұрыс тамақтанудан бас тартып отырады.

Сонымен қатар Сривастава артық салмақтан арылуына тұрақтылық себеп болғанын айтады.

"Көптеген адамдар ғажайыпты күткендіктен өзінің фитнес-мақсаттарына жете бермейді. Салмақ тастау процессі бәріне бірдей қызық әрі жеңіл болмауы мүмкін. Бастапқыда аздап салмақ тастап, қайта қосасың. Одан кейін қайта салмақ тастап, қайта жинайсың. Осылай қайталана береді", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін салмағы 130 келі болған жігіттің сүйіктісі үшін 57 келіге арықтағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859701-37-keli-tastagan-zigit-adam-tanymastaj-zgerip-ketti-foto/

pixel