Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

108 келі болған бойжеткен адам танымастай өзгеріп кетті

Опубликовано:

Англияның Ливерпуль қаласынан шыққан Тори Уайттың орта мектепте оқып жүрген кездегі салмағы 108 келі болған. Ол толықтығының кесірінен қатарластарымен араласа алмай, үнемі күлкіге қалатын деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

108 келі болған ару салмақ тастап, адам танымастай өзгерген
Фото: instagram.com/_toriwhite: UGC

Сыныптастарына ренжіген Тори диета ұстап, салмақ тастауды мақсат еткен. Ол күнделікті тамақтану режиміне көңіл аударып, пицца мен балмұздақтың орнына пайдалы тағамдарды тұтына бастаған. Оған қоса бойжеткен интенсивті жаттығулар жасауға көшкен.

Осылайша, британиялық ару тоғыз айда 50 келі салмақ тастаған. Десе де, ол оны жеткіліксіз деп санап, сондықтан арықтауын жалғастыра берген.

Көп ұзамай Тори 44 келі болды.

"Мен айнаға қараған сайын сол баяғы толық Ториді көрдім. Құр сүйекке айналдым. Ал менің психикалық жағдайым одан әрі нашарлай бастады", - дейді ол.

Қазіргі уақытта Торидің салмағы 56 келі. Ол заңгер мамандығы бойынша білім алуда. Ару өзін бұрынғыдай толық деп есептемейді. Тори Instagram парақшасын белсенді жүргізеді. Бойжеткен әлеуметтік желіде өзінің әлі де мінсіз емес екенін көрсетіп, суреттер жариялап тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін салмағы 130 келі болған жігіттің сүйіктісі үшін 57 келіге арықтағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1860421-108-keli-bolgan-bojzetken-adam-tanymastaj-zgerip-ketti/

pixel