Қазанның бірінші күнi Қазақстан мегаполистерінде жаңбыр күтіледі
Жарияланған күні:

1 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте күн қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,9 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,7 м/с.
Шымкентте де бүгін аздаған жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы 21 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2436241-qazannyng-birinshi-kuni-qazaqstan-megapolisterinde-zhangbyr-kutiledi/
