jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Екі түрлі елде тұратын әнші мен модельдің ұқсастығы жұртты таңғалдырды

: UGC

Румыниядан шыққан 18 әнші Бьянка Михай өзінің фотограф құрбысынан палестиналық-сириялық модель Лана Аль Бейк туралы білген. Бойжеткен екі арудың ұқсастығына таңырқап, Лананың суретін Бьянканың ата-анасына көрсеткен, ал олар өз кезегінде қыздарын бөтен арумен шатастырып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Бір-біріне қатты ұқсайтын арулар
Фото: instagram.com/biubire: UGC

Бьянканың сөзінше, оның туыстары Лананы онымен шатастырып алған.

"Менің ата-анам Лананың суретін әжеме көрсетті. Ол: Бьянка, сен неткен сұлу едің. Мына суреттерді қайдан алдыңдар?" - деді", - дейді ол.

The Sun басылымының мәліметінше, Лананың да басынан дәл осындай жағдай өткен. Оның анасы Бьянканың өнер көрсетіп жатқан видеосын "Instagram-желісінен көріп, оны өзінің қызы деп ойлапты.

"Мен: "Мама, мен ән айтпаймын ғой. Видеодағы қыз мен емес" десем, ол: "Рас па? Сен емессің бе?" - деп сұрай берді. Мен: "Мама, өз балаңды танымай тұрсың ба деп сұрадым", - дейді ару.

Содан кейін ұқсастықтарына қатты таңғалған қыздар әлеуметтік желілер арқылы байланысып, кездесті. Бьянка бүгінде Дубайда тұратын Ланаға ұшып кетті. Олар жағажайға бірге барып, ортақ суретке түсті. Фотодағы күлімсіреп түрған екі аруды ажырату тіпті, қиын.

"Бұл шынымен де ғажайып дүние", - деді Бьянка. Дос болып қалған "егіздер" тағы бір рет кездесуге сөз байласты. Алайда келесі жолы Лана "сіңлісімен" Румынияда кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, британиялық азаматтың 16 жыл көрмеген "қалыңдығын" желінің көмегімен тауып алғанын жазған едік.

Екі түрлі елде тұратын әнші мен модельдің ұқсастығы жұртты таңғалдырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.