Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантинде балаларының көңілін көтермек болған әке оларға үй тұрғызып берді

Опубликовано:

Англияның Уотфорд қаласының тұрғыны Джо Ракли карантин кезінде өз бағында қызына арналған үйшік тұрғызды. Ағаштан жасалған үй көпті таңғалдырып, иесін қуантты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Карантин кезінде балаларының көңілін көтермек болған әке оларға арнап үй тұрғызды
Фото: instagram.com/joe_rackley: UGC

Джо үй салу жобасына 1 сәуір күні, яғни, Британияда мектептер мен балабақшалар карантинге жабылған кезде кірісіпті.

43 жастағы әке балалардың көңілін көтеру үшін ағаштан кішігірім үй тұрғызуды ойға алған.

Раклидің үш жасар Табита мен үш айлық Роза есімді екі қызы бар. Джо олар үшін арнайы ойын алаңын да құрастырыпты.

"Өткен аптада ағаш тегендерді іздедім. Таби тегін үй алатын болды" - деп жазды Джо 31 наурыз күні өзінің Instagram парақшасында.

Үй тұрғызуға кеткен шығын 120 фунт, яғни 60 мың теңгеге жуық қаржыны құраған. Джо жөндеу жұмыстарына арналған заттың көбін тегін тауып алыпты.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық ерлі-зайыптылар ескі "лашықты" соңғы үлгідегі сәнді баспанаға айналдырып, көпті таңғалдырған еді.

Софи-Клэр Хеллер мен Тим есімді ерлі-зайыптылар бір жыл бұрын Нью-Йорктің Хэмптон ауданынан апатты жағдайда тұрған үйді сатып алды. Ал тоғыз айдан кейін қос ғашық баспананы адам танымастай етіп өзгертке.

Олар YouTube желісінде түрлі видеолар көріп, үйді түбегейлі өзгертуге кірісті. Алайда қабырғаларды сындыру үшін қос ғашық арнайы маманның көмегіне жүгініпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862094-karantinde-balalaryny-kilin-ktermek-bolgan-ke-olarga-j-trgyzyp-berdi/

pixel