jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Моңғолиялық ару аяғының ұзындығы бойынша әлемде екінші орында тұр

: Getty Images

29 жастағы моңғолиялық Рэнцэнхорлоо Буд аяғының ұзындығы бойынша әлем бойынша 16 жастағы Мачи Керриннен кейін екінші орында тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

Моңғолия
Фото: centralasia.media: Getty Images

Рэнцэнхорлоо Буд Моңғолияда дүниеге келген, бойының ұзындығы 6 фут 9 дюйм (205,7 см), аяқтарының ұзындығы 134,1 сантиметр.

Қазір Рэнцэнхорло Чикагода тұрады, оның отбасының барлық мүшелеріні бойы ұзын: әкесінің бойы 208,2 см, анасының бойы 185,4 см.

Рэнцэнхорло бойының ұзындығынан қысылмайды. Керісінше биік өкшелі аяқ киім мен келте шалбар кигенді ұнатады.

"Аяғымды одан әрі ұзын көрсету үшін қысқа шалбар мен биік өкшелі аяқ киім киген ұнайды.Ұзын аяқтарым ұнайды, олар мені әдемі етіп көрсетеді",- дейді ол.

Рэнцэнхорлоо Гиннес рекордтар кітабына ену жоспарында жоқ екенін себебі оған қызықпайтынын айтады.

"Мен оған қызықпаймын, сол үшін жоспарымда жоқ. Өз өлшемімдегі киімді табу қиын. Аяқ киімім 13, АҚШ өлшемі бойынша 45. Азияда, тіпті, Моңғолия мен Кореяда мұндай аяқ киім табу қиын. Мен бірнеше рет Амрика Құрама Штаттарынан тапқым келді, бірақ таба алмадым. Киімдерді онлайн сатып алуға тырысамын. Бірінші сыныпта ұстазым сияқты 168 сантиметр болдым", - дейді ол.

Бойжеткенді мектепте достары мазақтағанмен, ол өзін ыңғайсыз сезінбеген.

"Бала кезде бойым үшін қиналатынмын. Кей адамдар мені ыңғайсыз сезіндіретін, бірақ қазір жақсы көрінетін сияқтымын", - дейді моңғолиялық ару.

Айта кетейік, бұған дейін бала кезден шашын қимаған, бұрымының ұзындығы 158 см болатын польшалық азаматша жайлы жазған едік.

Моңғолиялық ару аяғының ұзындығы бойынша әлемде екінші орында тұр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.