Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Швейцарияда аспаннан жаңбырдың орнына шоколад жауды (фото)

Опубликовано:

Швейцария
Фото: 4tololo.ru

Швейцарияда жұртшылық аспаннан жаңбырдың орнына шоколад жауған сәттің куәсі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 4tololo.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Егер сіз шоколадты ұнататындардың қатарынан болсаңыз, онда Швейцариядағы жағдай сізді ерекше қызықтырары анық. Себебі, Швейцарияның Ольтен қаласында аспаннан нағыз шоколад жауды. Мұндай оғаш табиғат құбылысына шоколад фабрикасының істен шығуы себеп болған.

Шоколад
Фото: 4tololo.ru

Бірнеше күн бұрын Lindt & Spruengli шоколад фабрикасында техника сынып қалған. Нақтырақ айтсақ, вентиляция істен шығып, шоколад ұнтақтары фабрика айналасына жауа бастаған. Бұл оғаш табиғат құбылысына сол сәтте желдің қатты соғуы да себеп болыпты.

Шоколад
Фото: 4tololo.ru

AP News мәліметіне сәйкес, фабрика маңындағы көліктің беті шоколад ұнтақтарына толып қалған. Ғалымдар мұндай ұнтақтың адамға еш зияны жоқтығын алға тартты.

Шоколад
Фото: 4tololo.ru

Lindt & Spruengli компаниясы вентиляция жүйесіне жөндеу жұмыстарын дереу жүргізіп, бүгінде ол қалыпты жұмыс істеуде.

Шоколад
Фото: 4tololo.ru

Бұл өз алдына ендігі ауа райы болжамында аспаннан шоколад жауады деген хабардың бола қоймасын аңдатады. Сол себепті, шоколад сүйер қауым үйреншікті сатып алынған шоколадтарын қанағат тұтуына тура келеді.

Шоколад
Фото: 4tololo.ru

Еске салсақ, бұған дейін маусым айында Жамбыл облысында қар жауғанын жазған едік. Жергілікті тұрғындар аталмыш сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

Сол арада Еуропадағы шағын Андорра мемлекетіне де күтпеген жерден қар жауған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1870962-svejcariada-aspannan-zabyrdy-ornyna-sokolad-zaudy-foto/

pixel