Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайсызда түйреуіш жұтып қойған жасөспірім өмірімен қош айтыса жаздады (фото)

Опубликовано:

Түйреуіш
Көрнекі фото: unsplash.com

17 жастағы жасөспірім абайсызда түйреуіш жұтып қойып, жүрегіне ота жасатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл оқыс жағдай туралы АҚШ елінің The Journal of Emergency Medicine атты ғылыми журналындағы мақалалардың бірінде жазылған.

Белгілі болғандай, жасөспірім киім тігіп отырып, кішкентей түйреуішті жұтып қойғанын байқамай қалған. Артынша бірнеше күн өткеннен кейін жүрек тұсы шаншыған ол дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.

Жүрегі ауыратынын айтқан жасөспірімді дәрігерлер толық тексерістен өткізіп, оның жүрек тұсына түйреуіш қадалып қалғанын анықтайды.

29 шілде күні жарияланған мақаладағы мәліметтерге сәйкес, 17 жастағы бала үш күн бойы жүрегі шаншып ауырған соншалық, демалуы мен шалқасынан жатуы ауырлап кеткеніне шағымданған.

Түйреуіш
Фото: Elsevier

Электрокардиограмма (ЭКГ) нәтижелері ауытқуларды көрсеткендіктен, дәрігерлер жасөспірімнің қанына талдау жүргізіп, онда ақуыздың көбейіп кеткенін байқайды. Ақыры кеуде тұсына компьютерлік томография жасаған ақ халаттылар оның жүрек тұсына 3,5 сантиметрлік түйреуіш шаншылғанын анықтайды.

Бұл жайттан кейін дәрігерлер түйреуіш сынды өткір бұйым жұтқан науқастарға дереу ота жасау қажеттігін ескертеді. Олар бұйымның адам ағзасынан өздігінен шығып кетуін күтіп отыру қауіпті екенін алға тартқан.

Абырой болғанда, жасөспірімге ота сәтті жасалып, оның жүрегі бұрынғы қалпына келген.

Еске салсақ, бұған дейін дәрігерлер әйелдің асқазанынан тірі жыланды алып шыққанын және 42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871900-abajsyzda-tjreuis-ztyp-kojgan-zasspirim-mirimen-kos-ajtysa-zazdady-foto/

pixel