Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамдардың жер бетінен жойылып кетуі мүмкін бе

Жарияланған күні:

Хромосома
Көрнекі фото: Getty Images / iStockphoto

Австралиялық ғалым Y-хромосомасы болашақта адам ағзасынан жойылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Австралияның Мельбурн қаласында орналасқан Ла Троб университетінің генетигі Дженнифер Грейвс Y-хромосомасының уақыт өте келе адам ағзасынан жойылып кетуі ғажап еместігін алға тартты деп жазады Daily Star басылымы.

Оның мұндай тоқтамға келуіне адамзаттың Y-хромосомасы күн санап азайып бара жатқаны себеп болған. Миллиондаған жылдар ішінде ер адамның жынысын анықтайтын Y-хромосома саны азайып жатқан көрінеді. Мәселен, Х хромосома саны 1000 болса, Y хромосомасы небәрі 45-ті құрайды екен.

Дженнифер Грейвстің айтуынша, 166 миллион жыл бұрын адамзаттың ағзасында Y-хромосома саны X хромосомасымен бірдей болып, шамамен 1669-ды құраған.

"Осылайша, бір миллион жылда 10 ген жоғалып отырғанын аңдау қиын емес. Ақыры небәрі 45 Y хромосома қалып отыр. Бұл хромосома 4,5 миллион жылдан соң мүлде жойылып кетуі мүмкін", - дейді ол Live Ғылым басылымына берген сұхбатында.

Ғалым мұндай жағдай жануарлар арасында тіркелгенін алға тартты. Мәселен, Жапонияда кеміргіштердің кей түрлерінің уақыт өте келе Y-хромосомасы жойылған.

Десе де Y-хромосомасының жойылуы ер адамдардың жойылып кететінін білдірмейді дейді ғалымдар. Себебі, аталмыш кеміргіштердің ұрғашысынан бөлек еркектері де баршылық екен.

"Y-хромосомасының жойылуы ер адамның жойылатынын білдірмейді. Аталмыш хромосома жойылса, жынысты анықтау міндетін өзге ген өзіне алуы мүмкін", - дейді Нильсен.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ дәрігерлері коронавирус ер адамның жыныс мүшесіне зақым келтіруі мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Одан бөлек қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін пайдалы өнімдер тізімі анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871921-er-adamdardy-zer-betinen-zojylyp-ketui-mmkin-be/