Гелий толы шарлармен әуеге қалықтап ұшып кеткен азамат әлем назарына ілікті
Жарияланған күні:
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын ер адам гелий толы шарлардың көмегімен әуеге қалықтап ұшты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Иллюзионист болып жұмыс істейтін 47 жастағы Дэвид Блейн Аризона шөлінің үстімен жеті метр биіктікке көтеріле алған деп жазады Daily Mail басылымы.
Дэвид Блейн Аризона штатындағы Пейдж қаласын трюк орындайтын жер ретінде белгілейді.
Сәрсенбі күні қауіпті трюкті орындауға бел буған азамат бұл сәтті YouTube парақшасында тікелей эфирден көрсеткен.
Блейн жеті метр биіктікке 52 гелий толтырылған шарды ұстаудың арқасында көтеріле алады.
Жеті метр биіктікке жеткенде жігіт шарларды жібере салып, парашютпен жерге түскен. Оның тоғыз жасар қызы Десса бұл сәтті тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Жігіт трюкті өзінің Нью-Йорк қаласында жасағысы келген. Алайда нашар ауа райы оның жоспарын өзгертіп жіберді.
Блейнді бұл трюкке 1956 жылғы "Қызыл баллон" фильмі ынталандырған екен. Фильмде кішкентай бала шардың көмегімен аспанда қалықтап жүреді.
Жігітке трюк жасау үшін екі жыл дайындық қажет болған. Ол коммерциялық әуе шарының ұшқышы лицензиясын алып, парашютпен секіруді үйреніпті.
Блейн жерге қона салысымен қызына "мұның бәрі сен үшін, сені жақсы көремін" деген сөздер айтқан.
Еске салсақ, бұған дейін Тайваньдағы жергілікті фестиваль кезінде үш жасар қызды алып батпырауық аспанға ұшырып әкеткен болатын.
Одан бөлек, әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872376-gelij-toly-sarlardy-stagan-azamat-uege-kalyktap-syp-ketti/