Айыппұл төлегісі келмеген келіншек түбіртекті шайнап жеп қойды

Опубликовано:

Айыппұл
Көрнекі фото: antikor.com.ua

Украинада айыппұлды мүлде төлегісі келмеген келіншек түбіртекті шайнап жеп қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы criminal.segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаның Мариуполь қаласында патрульдік полиция қызметкерлері оғаш жағдайға тап болды. Ереже бұзған келіншек хаттама толтырған полциейлерге барынша қарсылық көрсетіп, айыппұл төлеуден түбегейлі бас тартқан.

Келіншек полицейлер ұсынған айыппұл қағазын кері қайтарудың орнына оны шайнап жеп қойған. Мәселені осылайша шешпек болған әйел тәртіп сақшыларының таңданысын тудырған.

Белгілі болғандай, көлік басқарған келіншек қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін тәртіп сақшыларымен тоқтатылған екен.

Полицейлер түбіртекті шайнап жеп қойғанымен келіншектің бәрібір айыппұл төлеуі тиіс екенін алға тартты.

"Кінәлі әйел 51 гривень көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, немесе сот арқылы айыппұлдың орнына он тәулік қамауда болуды сұратуына болады", - дейді тәртіп сақшылары.

Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әйелге аяушылық таныту керек деп санаса, енді бірі полицейлердің әрекетін оң санаған.

Еске салсақ, бұған дейін оқулықтағы мәтінді қызына түсіндіре алмаған келіншек көмекке полиция шақыртқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Ресейде тәртіп сақшыларын тырқырата қуған сиырлар желі жұлдызына айналғанын жазған едік. Челябинскіде болған бұл жағдай көпшіліктің көңілін көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873606-ajyppl-tlegisi-kelmegen-kelinsek-tbirtekti-sajnap-zep-kojdy/