RU

Полицейлерді тырқырата қуалаған сиырлар желіде жұлдыз болды

Сиыр
Көрнекі фото: zt.20minut.ua

Ресейде тәртіп сақшыларын тырқырата қуған сиырлар желі жұлдызына айналды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы popcorn.politeka.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Челябинскіде болған бұл жағдай көпшіліктің көңілін көтерген. Қала ішіне кіріп кеткен сиырларды қумақ болған полицейлер ақыр соңында сиырдан өздері қаша жөнеліпті.

Бұл жайттың видеосын Twitter парақшасында Մιtαuskαs лақап атымен тіркелген блогер жариялаған.

Сиыр
Видеодан кадр: Twitter

Видеода тұрғындардың шақыртуымен келіп жеткен полицейлер тұрғын үй маңында жайбарақат көсіліп жүрген бірнеше сиырды қумақ болғаны байқалады.

Алайда сиырға тәртіп сақшыларының бұл әрекеті ұнамай қалған көрінеді. Ол полицейді тырқырата қуа жөнеледі.

Амалын таппаған полицей көліктің артына жасырынып қалған. Екінші полицей көлік сигналымен сиырды қорқытпақ болғанымен, мұнысынан түк шықпайды.

Сиыр
Видеодан кадр: Twitter

"Кетіңдер" деп айқайға басқан тәртіп сақшысы ақыры сиырларды кетуге көндіреді.

"Челябинскіде сиырлар менттерді тырқырата қуған сәт", - деп жазған блогер.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары жарыса пікір қалдырды.

"Тіпті төртаяқты жануар кімнің жау екенін түсініп тұр", "Мына сиырларға плакат ұстатып, митингке жіберу керек екен", - деп жазған видеоны көрген тұрғындар.

Еске салсақ, бұған дейін мысықпен бір түн өткізуге мүмкіндік беретін ерекше қонақүй ашылғаны туралы жазған болатынбыз. Мұндай қонақүй көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған.

Тағы бір оғаш жағдай талайдың таңданысына ие болған еді. Нақтырақ айтқанда, Швейцарияда аспаннан жаңбырдың орнына шоколад жауған. Бұған сол маңдағы шоколад фабрикасының істен шығуы себеп болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871317-policejlerdi-tyrkyrata-kualagan-siyrlar-zelide-zldyz-boldy.html